Қызметтік іссапарлар. Іссапар шығындарын ресімдеу тәртібі

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Қызметкердің қызметтік іссапары жұмыс берушінің ынта білдіруімен қызметкердің қызметтік тапсырманы орындауы немесе жұмыс берушінің жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес іс-шараларына қатысуы үшін, жұмыс орнынан тыс орналасқан елдімекенге белгілі бір мерзімге баруы болып табылады.    

Қызметтік іссапарлардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

  • өндірістік-шаруашылық, қаржылық және өзге қызметтің нақты мәселелерін шешу;
  • ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
  • конференциялар, жиналыстар, семинарлар және өзге іс-шаралар өткізу, оларға тікелей қатысу;
  • жұмыс тәжірибесін, жаңа нысандары мен әдістерін зерделеу, жалпылау және тарату.

Мыналар қызметтік іссапарлар болып табылмайды:

1) егер жергілікті немесе нормативтік құқықтық актілермен өзгеше көзделмесе, лауазымдық міндеттері жұмыстың жүріп-тұру сипатын болжайтын қызметкерлердің қызметтік сапарлары;

2) қызметкердің көлік қатынасы жағдайлары мен жұмыстың сипаты бойынша күн сайын тұрғылықты жеріне оралу мүмкіндігі бар жерге баруы. Қызметкердің қызметтік іссапар орнынан тұрғылықты жеріне күнделікті оралуының орындылығы мен қажеттілігі жөніндегі мәселені әрбір нақты жағдайда қызметкерді іссапарға жіберуді жүзеге асырған басшы шешеді;

3) жеке мәселелер бойынша сапарлар (өндірістік қажеттіліксіз, тиісті шартсыз немесе шақыратын тараптың шақыруынсыз);

4) оқуға түсу және жоғары және қосымша кәсіптік білім беру мекемелерінің сырттай бөлімінде оқу, кандидаттық емтихандарға дайындалу және тапсыру, консультациялар алу.

Серіктестік директорын іссапарға жіберу жағдайында, ол өзінің міндеттерін уақытша орындайтын тұлғаны,  іссапар кезеңінде оған барлық лауазымдық міндеттер мен құқықтарды сенімхат негізінде жүктеу арқылы, тағайындауға құқылы.

Сапар негіздемесіне байланысты қызметтік іссапарлар мынадай болады:

  • жоспарлы, белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарларға және тиісті сметаларға сәйкес жүзеге асырылатын;
  • жоспардан тыс – дереу қарастыруды талап ететін, күрт пайда болған, немесе күні бұрын қарастыру мүмкін болмайтын өзге жағдайларда мәселелерді шешу үшін.

Қызметкерді ел ішінде қызметтік іссапарға жіберу кезінде құжаттарды рәсімдеу

Қызметкерді іссапарға жіберу үшін негіздеме жұмыс берушінің актісі болып табылады. Директордың бұйрығы негізінде қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерге іссапар куәлігі беріледі. Қызметтік іссапарға кету және іссапар орындарында болу фактісін растау мақсатында іссапарға жіберілетін қызметкер:

қызметтік іссапарға кетуі туралы және іссапардан жұмыс орнына оралуы туралы;

қызметтік іссапар орнына келуі мен одан кетуі туралы – қабылдаушы тараптың тиісті лауазымды тұлғасының немесе органының мөрлерімен расталған белгілерді қойдыруға міндетті.

Қызметкердің келуі мен кетуіне қатысты іссапар куәлігіне қойылатын белгілер іссапарын аяқтаған және іссапардан келген тұлғаларды тіркеу міндеттемесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен (өкімімен) қойылған тиісті лауазымды тұлғаның қолын куәландыру үшін, кәсіпорынның өзінің шаруашылық қызметінде пайдаланатын мөрімен расталады.

Қызметкер бірнеше жерге іссапарға жіберген жағдайда, келуі мен кетуі туралы белгілер қызметкердің болған қызметтік іссапарының әрбір жерінде қойылады.

Іссапар мерзімі директордың бұйрығымен:

  • қызметтік тапсырманы орындауға қажетті мөлшерлі уақытты негізге ала отырып;
  • қабылдаушы тараптың шақыруына сәйкес іс-шараны өткізу ұзақтығымен;
  • қызметкерлерді іссапарға жіберу міндеттемелерімен көзделген шарт жағдайларымен белгіленеді.

Еңбек кодексінің 152-бабына сәйкес, қызметкерлерді іссапарларға жіберу шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.

2000 жылғы 22 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің № 1428 қаулысымен, 2013 жылғы 1 шілдедегі Үкіметтің № 657 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бекітілген, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеге сәйкес, қызметкерлер іссапарларының мерзімін орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіпте жүктелген лауазымды тұлғалар), ал мұндайлардың болмауы жағдайында – мемлекеттік мекеме басшылары белгілейді, алайда ол жолда болу уақытын есептемегенде, 40 күннен аспауға тиіс (кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағада, сондай-ақ, егер іссапар оперативті-іздестіру қызметімен байланысты болса). Қызметтік қажеттілік жағдайында іссапар мерзімі орталық атқару органының жауапты хатшысының (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіпте жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлардың болмауы жағдайында – осы мемлекеттік мекеме басшысының тиісті бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.

Қызметтік іссапарға шығу күні (қызметтік іссапардан келу күні) тиісті көлік құралының қозғалыс кестесіне сәйкес анықталады. Көлік құралының кестеден өзгеше уақытта жіберілуі (келуі) жағдайында, жіберілудің (келудің) іс жүзіндегі уақыты жол жүру билеттеріндегі тиісті анықтамалармен немесе куәландырылған белгілермен расталады.

Іссапардан келу күні болып көлік құралының келу күні есептеледі. Көлік құралының сағат 24.00-ге дейін жіберілуі кезінде іссапарға кету күні  ағымдағы тәуліктен, ал сағат 00.00-ден бастап және одан кешірек – келесі тәулік есептелінеді.

МЫСАЛЫ

Кәсіпорын өзінің қызметкерін республика шегінде іссапарға жіберді. Іссапар шығыстарын төлеу туралы ережеге сәйкес қызметкерге 4 АЕК мөлшерінде ақы төленуге тиісі. Қызметкер Шымкент қаласынан Алматы қаласына  іссапарға 2013 жылдың 10 маусымында 23 сағат 16 минутта аттанды. Алматы қаласынан Шымкент қаласына 2013 жылдың 14 маусымында 4 сағат 24 минутта оралды. Келу және кету уақыты билеттерде көрсетілген. Тәуліктік ақшаны қалай есептеуге болады және бұл жағдайда қандай салық міндеттемелері пайда болады?

Тәуліктік ақшаны есептеу: 1 731 теңге АЕК × 4 × 4күн = 27 696 теңге.

Еңбек кодексінің 152-бабына сәйкес, іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге тәуліктік ақша іссапарда болуының күнтізбелік күндеріне, соның ішінде жолда болған уақытына, белгіленген орынға бару және кері қайту жолының шығыстарына, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстарына төленеді. Яғни іссапар кезінде пайда болған қызметкердің барлық шығыстарын компания, тек растаушы құжаттар болған кезде ғана, өтеуге тиіс.

Салық кодексі қызметкерге төленуге тиіс тәуліктік ақшаның ең аз мөлшерін белгілемейді. Тәуліктік ақшаны төлеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің актілерімен бекітілуге тиіс. Егер іссапар шығыстарын төлеу туралы ережемен тәуліктік ақшаның мөлшері 4 АЕК белгіленген болса, онда тәуліктік ақшаны есептеу осы ережеге сәйкес жүргізіледі. 

Қызметкерге тәуліктік ақшаны есептеу Салық кодексінің 155-бабында белгіленген шекте жүргізілетін болады, бұл ретте осы жағдайда ЖТС салынатын табыс пайда болмайды.  

Осы шығыстарды КТС бойынша шегеруге жатқызатын болсақ, онда қызметтік іссапар кезінде өтемақы сомасын шегеру Салық кодексінің 101-бабымен регламенттеледі. Тәуліктік ақша жұмыс">

...


вернуться назад