Кәсіпорынды тарату: бухгалтерлік есеп және салық салу
Автор: Т. Зеленская, ҚР кәсіби бухгалтері, САР
Тарату азаматтық, салықтық, еңбек және әкімшілік заңнама нормаларын біріктіретін кешенді процесті ұсынады. Тарату барысында жүзеге асырылатын шараларды бухгалтерлік есепте көрсетуге және бухгалтерлік есептілік жасауға байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Осы процесте туындайтын салықтық салдарды түсіну де оңай емес. Осындай күрделі процедураларда қателердің алдын алуға осы мақала көмектеседі.
ЖШС қатысушысы болып табылатын заңды тұлғаны тарату тәртібі ҚР 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңымен, Азаматтық, Салық кодекстерімен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен реттеледі.
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңның 68-бабына сәйкес ЖШС оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен не болмаса мүдделі тараптар жүгінген жағдайда сот шешімі бойынша келесі негіздемелермен таратылуы мүмкін:
– банкрот болу;
– серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтын сипатта заң бұзушылыққа жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп тану;
– қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заң актілерімен тыйым салынған қызметті не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асыру;
– заң актілерінде көзделген басқа да жағдайлар.
Азаматтық кодекстің 50-бабына сәйкес заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі ол туралы әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Тарату процедурасынан өту үшін тарату комиссиясы құрылуы, тарату тәртібі мен мерзімдері бекітілуі тиіс.
Кәсіпорынды тарату кезінде мүлікті есепке алу және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру
Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сонымен қатар оның кредиторларына шағымдар беру тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды. Шағымдар беру мерзімі банкротқа ұшырау жағдайын қоспағанда, тарату туралы хабарландыруды жариялаған сәттен бастап кемінде екі айды құрайды. Банкротқа ұшыраған кезде кредиторлардың банкротқа ұшырауға қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын қою тәртібі туралы хабарландыруды жариялаған сәттен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей мәлімденуі тиіс.
Тарату балансын жасағанға дейін кәсіпорын барлық активтерге түгендеу жүргізеді және оларды өтімділік тұрғысынан бағалайды, қажет болған кезде негізгі құралдарды сатуға арналған активтер құрамына ауыстырады.
ХҚЕС (IAS) 16 «Негізгі құралдар» 55-тармағына сәйкес активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: ХҚЕС(IFRS) 5 сәйкес сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру (немесе оны сатуға арналған деп жіктелген шығу тобына е">
...