Компания филиалы қандай төлемдерді өз бетінше жүзеге асыра алады?
Автор: С. Муслимова, ҚР Салық консультанттары палатасының мүшесіЖағдай
Компания филиалы сыртқы жарнама орналастыру, жер телімдерін жалға алу үшін, қоршаған орта эмиссиясы, РЖС қолдану, мемлекеттік баж салығы үшін төлемдерді дербес төлеуші ретінде қарастыра ала ма?
Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері осындай құрылымдық бөлімшелердің орналасқан орнында орналасқан салық салу объекті бойынша төлемдерді дербес төлеуші ретінде қарастырылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнен бас тарту осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аталған салықтардың дербес төлем төлеушісі болып қайта құрылған құрылымдық бөлімше мойындалған жағдайда, онда заңды тұлғаның осындай мойындау немесе бас тарту туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сыртқы жарнамаға қатысты
Салық кодексінің 529-бабының 1-тармағына сәйкес төлем төлеушілер болып жар-нама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (соның ішінде жеке кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар табылады.
2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 "Жарнама туралы" заңның 3-бабының 5-тармақшасына сәйкес жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде радио- және (немесе) телевизия хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
...