«1С» бағдарламасында резидент емес тұлға үшін ҚҚС қалай есептеу керек?
Автор: Т. Зеленская, ҚР кәсіби бухгалтері, САРЖШС резидент емес тұлғалардан қызмет алады. «1С 8.2» бағдарламасында резидент емес тұлға үшін ҚҚС есептеуді қандай құжаттармен рәсімдеу қажет? Қандай жазбалар жасалады?
«1С 8.2» бағдарламасында резидент емес тұлға үшін ҚҚС есептеу бойынша операциялар қолмен жүргізіледі. Резидент емес тұлға үшін ҚҚС есептеуді көрсету үшін бухгалтерлік есеп шоттарында «Операция (бухгалтерлік және салықтық есеп)» құжатын рәсімдеу қажет. 3130 шотына аналитикада ҚҚС түрін көрсету қажет – «Резидент емес тұлға үшін ҚҚС». 3130 шотына корреспонденциялық шот ретінде аналитикасы жоқ 1630 транзиттік шотын қолдану ұсынылады.
«Кіріс» қозғалысы түрі бар «Резидент емес тұлға үшін төленуі тиіс ҚҚС бойынша бюджетпен өзара есептесу» жинақтау тізілімі қозғалысы да бір уақытта орындалады. Мұндай қозғалыс «Тізілімдер жазбаларын түзету» құжатының көмегімен қалыптасады.
ҚҚС осы түрін есептеу кезінде ҚҚС-мен байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында да және жинақтау тізілімінде де ҚҚС түрін көрсету қажеттігін есепке алу қажет – «Резидент емес тұлға үшін ҚҚС». Мұнымен қатар, бұл жағдайда түсім түрі үшін «Резидент емес тұлға үшін төленуі тиіс">
...