2015 жылы енгізілетін түзетулер аясында туристік салаға салық салудың негізгі аспектілері
Назарларыңызға басы журналымыздың төртінші нөмірінде жарияланған туризм мен туристік бизнес туралы мақаламыздың соңын ұсынамыз. Мұнда автор жасалған өзгерістер аясында туристік саладағы салық салу және бухгалтерлік есеп туралы ақпарат береді. Өзгерістердің бір бөлігінің ретроспективті сипатқа ие екендігін және өтіп кеткен салық кезеңдеріне ғана таратылатындығын естеріңізге саламыз.
Туристік қызмет саласындағы салық салу
Туроператорлық қызметтен салық салынатын табысқа КТС есептеу Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 257-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Салық кодексіне туристік салаға тікелей әсер еткен бірқатар түзетулер енгізілді.
Осылайша, Салық кодексінің 12-бабының 1-тармағы 39-1-тармақшамен толықтырылды, мұнда туроператордың көрсетілетін қызметтері ҚР туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсетілетін қызметтері табылатындығына анықтама берілген.
Сонымен қатар Салық кодексінің 77-бабының 4-тармағының 7-тармақшасында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы №1311 қаулысымен бекітілген салық тізілімдерінің нысандарына және оларды жасау ережелеріне сәйкес шығу және келу туризмі бөлігінде – туроператордың көрсетілетін қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы екендігі атап өтілді.
Салық кодексінің 84-бабының 1-тармағына сәйкес резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы (бұдан былай - ЖЖТ) осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
Салық кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес ЖЖТ-қа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері жатады.
Туроператор табысыболып өзінің туристік өнімдерін қалыптастыру, айналымға шығару және туристік агенттер мен туристерге өткізу бойынша қызметтерден түскен табыс табылады.
Бұл ретте турөнім құны Салық кодексінің 86-бабына сәйкес туроператор қызметтерін өткізуден түскен табыс ретінде ЖЖТ-ға кіреді.
Қазақстандық туроператорлардың қызметтері бойынша салық салынатын табысқа КТС | ||
Кіру туризмі бойынша | Қазақстандық туроператорлар өздерінің турөнімдерін шетел мемлекетінің азаматтары болып табылатын шетелдік туристерге (кіру туризмі), соның ішінде турагенттер арқылы өткізу кезінде | Турөнімнің барлық құны ЖЖТ-ға кіреді (СК 86-бабы) |
Ішкі туризм бойынша | Қазақстандық туроператорлар өздерінің турөнімдерін ҚР азаматы - қазақстандық туристерге және ҚР аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға, соның ішінде турагенттер арқылы өткізу кезінде | Турөнімнің құны ЖЖТ-ға кіреді (СК 86-бабы) |
Шығу туризмі бойынша
| Өз өнімдерін шетел мемлекетінің азаматтары болып табылатын немесе ҚР аумағынан тыс тұрақты тұратын (шығу туризмі) шетелдік туристерге, соның ішіне турагенттер арқылы өткізу бойынша
| ҚР ішінде, сондай-ақ одан тыс алынған табыс ҚР резидентінің ЖЖТ-на кіреді (СК 84-бабының 1-тармағы) |
Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.Салық кодексінің 100-бабының 3-тармағына сәйкесСалық кодексінің 100-бабының 1-тармағына сәйкес Салық кодексіне сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
Осылайша, турөнімді қалыптастыруға байланысты жекелеген туристік қызметтерді, соның ішінде қонақүйлерде, үйлерде және демалыс базаларында, пансионаттарда және т.б., тасымалдау, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету қызметтерін; туризм инструкторлары, гидтер қызметтерін және жол жүру мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтерді иемденуге кеткен шығындар туроператордың салық салынатын табысын анықтау кезінде шегерімдерге жатқызылуы тиіс.
Сондай-ақ шегерімдерге туристік қызметтен табыс алуға байланысты басқа да шығындар жатқызыла алады.
Болашақтағы кезеңдердің шығындары олар жатқызылатын салық кезеңінде шегерілуі тиіс.
Туроператорлық қызмет бойынша ҚҚС есептеу
Салық кодексінің 230-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Салық кодексінің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша ҚҚС төлеуші жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады.
Салық кодексінің 232-бабының 2-тармақшасына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады. Қызметтерді өткізу орны Салық кодексінің 236-бабына сәйкес анықталады.
Бұл ретте, Салық кодексінің 238-бабының 1-тармағына сәйкес Салық кодексінің 238-бабында және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, мәмiле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негiзiнде айқындалады.
2015 жылғы 2 қаңтардан бастапСалық кодексінің 238-бабына туроператор қызметтерінің ҚҚС бойынша салық салынатын айналым мөлшерін анықтау тәртібін қарастыратын 12-1-тармақ енгізілді: шығу туризмі ойынша туроператор қызметтерін көрсету кезінде салық салынатын айналым мөлшері туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және тұру, егер ол тұру құнына қосылған болса, тамақтану бойынша қызметтер құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтардан бастапҚазақстанға кіру туризмін ынталандыру мақсатында Салық кодексінің 248-бабының қайта енгізілген 25-тармақшасымен кіру туризмі бойынша туроператор қызметтері бойынша айналымдарды салық салудан босату көзделген.
Сонымен қатар Салық кодексінің 262-бабының жаңа 2-3-тармағымен
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды басқа қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу Салық кодексінің 248-бабының 25-тармақшасына сәйкес ҚҚС босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлек жүргізіледі.
ҚҚС төлеуші болып табылатын және есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданатын туроператорлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсатында бір уақытта қолданылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есепке жатқызылуы тиіс ҚҚС сомасын анықтау кезінде жалпы айналымда салық салынатын айналымның меншікті салмағын қолдану құқығына ие.
Туроператорлық қызметті жүзеге асыру орны бойынша туроператор қызметтеріне салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 236-бабының 2-тармағының қызметтерді сатып алушыны мемлекеттік (есептік) тіркеу орны бойынша осындай қызметтерді өткізу орнын мойындайтын ережеден тұратын 4-тармақшасы алынып тасталынды. Бұл туроператорлық қызметтің Кеден одағы (бұдан былай - КО) аясынан тыс ҚҚС есептеу мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап осыған дейін қарастырылғандай қызметтерді сатып алушының (туристтің) орны бойынша емес, қызметті жүзеге асыру орны бойынша анықталады.
Салық кодексінің 236-бабының 2-тармағының 5-тармақшасына сәйкес
Салық кодексінің 236-бабының 2-тармағының 1–4-тармақшаларында және 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны болып танылады.
Бұл ретте Салық кодексінің 236-бабының 2-тармағының 1-4-тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
Айтылғандарға байланысты туризм саласында туроператорлық қызмет қызметтері бойынша ҚҚС есептеу келесі тәртіппен жүргізіледі:
ҚҚС | ||||
Кіру туризмі бойынша | КО | Туроператор қызметтері ҚР-да шетел мемлекетінің азаматтары болып табылатын немесе ҚР тыс тұрақты мекен ететін шетелдік туристерге (кіру туризмі), соның ішінде турагенттер арқылы көрсетілген. | Өткізу орны– ҚР (СК 236-бабының 5-тармағы) | Қазақстандық туроператордың турөнімінің құны ҚҚС бойынша 12 % салық салынатын айналым болып табылады |
КО аясында | Туроператор қызметтері ҚР-да КО азаматтары болып табылатын шетелдік туристерге (кі"> | |||
...