Рубрикатор всех статей

Үстеме жұмыс. Жұмыс беруші міндеттері мен қызметкер құқықтары

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Еңбек кодексімен еңбек қатынастарының нормалары барынша дәл анықталған. Дегенмен тәжірибеде үстеме жұмыстарды есепке алуға және төлеуге байланыс­ты көптеген мәселелер туындайды. Көбінесе мұндай мәселелер жұмыс уақытын қосынды есепке алу, толық емес жұмыс уақыты, вахталық әдіс жұмыстары, іссапар жұмыстары кезінде орын алады.

Үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақыты (ауысымы) ішінде немесе есептік кезеңде, ал жұмыс уақытын қосындылап есепке алу кезінде - есептік кезеңдегі жұмыс сағатының қалыпты санынан асыра орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс.

Еңбек заңнамасында бекітілген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Қызметкер басшылық бастамасы бойынша күн сайынғы нормадан тыс орындайтын кез келген жұмыс үстеме жұмыс деп саналады. Бұл ретте егер қызметкер өз бастамасы бойынша бекітілген уақыттан асыра жұмыс жасаса, мұндай жұмыс үстеме жұмыс деп саналмайды.

Қызметкер үстеме жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы, ол туралы жұмыс берушіге жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.

Еңбек кодексінің 90-бабында аталған ерекше жағдайларда үстеме жұмыстарға қызметкерлердің келісімінсіз тартуға болады. Мұндай жұмыстарға елді күзету, сонымен қатар төтенше жағдайлардың, стихиялық апаттардың алдын алу, өндірістік апаттардың және олардың салдарын жою, сумен қамту, газбен қамту, жылумен қамту, электр энергиясымен қамту және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелеріндегі апаттарды жою жағдайлары үшін қажетті жұмыстар жатады. Қызметкердің жұмыстан тыс уақытта осындай жұмыстарды орындаудан бас тартуын еңбек тәртібін және еңбек міндеттемелерін бұзу ретінде қарастыруға болады және тәртіптік жаза қолдануға алып келуі мүмкін. Бұл бас тарту жұмыс беруші бастамасы бойынша жұмыстан босатуға негіз бола алмайды.

Үстеме жұмысқа келісімінің бар-жоғына қарамастан, үстеме жұмысқа тартыла алмайтын қызметкерлер категориясы бар. Мұндай категорияларға жүкті әйелдер және он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жатады. Тіпті төтенше жағдайлар режимінде де жұмыс берушінің келесі тұлғаларды жазбаша келісімінсіз үстеме жұмысқа тартуға құқығы жоқ:

– жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дей">

...


вернуться назад