Штаттық кесте

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Барлық құқық бекіту және тіркеу құжаттары бар кез келген заңды тұлғаны (компания­ны, кәсіпорынды, ұйымды, фирманы) құру кезінде бірінші кезекте ұйымдық құрылымы мен штатын анықтап алу қажет. Осы мәселені дұрыс әрі уақытылы шешу құрылған заңды тұлғаның (бұдан былай - ұйым) құрылтайшыларына ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік түріне қарамастан жоспарланған экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан келесі қадамдарды қабылдаған жөн:

– ұйымның ұйымдық құрылымын әзірлеу;

– құрылымы мен штаттық санын анықтау;

– штаттық кестені бекіту.

Ұйымдық құрылымнан нені түсінуіміз керек?

Ұйымдық құрылымнан барлық бөлімшелердің (қызметтер, бөлімдер, басқармалар және т.б.) жиынтығы мен иерархиясын (вертикаль бағыныштылық және горизонталь өзара байланыс), сонымен қатар жеке заңды тұлға ретінде компанияны құрайтын филиалдар мен өкілдіктерді түсінеміз.

Пирамидалы ұйымдық құрылым мынадай түрде көрсетілуі мүмкін:

1. Директор. Көп салалы қызметпен шұғылданатын ұйымдарда бірнеше директор болуы мүмкін. Бұл жағдайларда бас директор лауазымын қарастырған дұрыс.

2. Директордың (бас директордың) бірінші орынбасары.

3. Бас бухгалтер. Осы лауазымды штатқа енгізу кезінде ұйым басқарушысы есептік жұмыс көлеміне байланысты келесілерді орындай алады:

–   бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бекіту;

–   бас бухгалтер штатын жүргізу;

–   шартты негізде бухгалтерлік есеп жүргізуді мамандандырылған бухгалтерлік ұйымға немесе бухгалтер-маманға тапсыру;

–   бухгалтерлік есепті жеке жүргізу.

4. Заң қызметі.

5.Жоспарлы-экономикалық бөлім.

6. Өндірістік бөлім.

7. Маркетинг және өткізу бөлімі.

8. Кадрлар бөлімі немесе персоналдар жөніндегі менеджер.

9. Шаруашылық қызмет (жүргізушілер, үй сыпырушылар, қарауылдар және т.б.).

Шартсыз ұсынылған ұйымдық құрылым қорытынды болып табылмайды және басқа бөлімдермен, қызметтермен және т.б. толықтырылуы мүмкін. Жекелегенде, бақылау қызметін де қарастырған жөн. Ең бастысы, құрылған қызмет нарықтық экономика талаптарына сәйкес келуі, жақсы басқарылуы және қаржылық нәтижелер әкелуі тиіс.

Штаттық кесте не үшін керек?

Алдымен «штат», «штаттық бірлік», «штаттық орналастыру», «штаттық кесте» түсініктері нені білдіретіндігін анықтаймыз.

Штат– бұл басшылық белгілі бір кезеңге анықтаған ұйым қызметкерлерінің құрамы.

Штаттық бірлік– бұл ұйымның штаттық кестесінде қарастырылған лауазымдық немесе жұмыс бірлігі. Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымның штаттық бірлігінің саны уәкілетті органдармен анықталады. Ұйымның басқа меншік нысанындағы штаттық бірліктерінің саны қандай да бір жұмысқа деген қажеттіліктермен, оларды орындау жеделдігі дәрежесімен және экономикалық мақсаттылығымен анықталады.

Штаттық орналастырулар– бұл штаттық кестеге сәйкес жұмысқа қабылданған қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілетін штаттық кестеге қосымша құжат. Кадрлық қызмет басқарушы бұйрығының негізінде қызметкерлерді қабылдау және босату туралы штаттық орналастыруға жазбалар енгізеді. Нәтижесінде штаттық кестенің толтырылуы, оның вакансиялары көрнекті көрсетілген. Штаттық орналастырулар - міндетті емес, бірақ кадрлық қызмет үшін өте пайдалы құжат.

Штаттық кесте– ұйымның құрылымы, штаттық құрамы және штаттық сан бекітілген ішкі ұйымдық-құқық құжат. Мұнда құрылымдық бөлімшелер, лауазымдар тізбесі, штаттық бірлік саны, лауазымдық жалақылар, үстемелер және жалақының айлық қоры туралы мәліметтер беріледі.

Штаттық кестені жасауға тек кадрлық қызмет қана емес, сондай-ақ экономикалық қызмет әсіресе өндірістік, қосалқы және қызмет көрсетуші бөлімшелер бойынша санды есептеу қажет болған кезде қатысуы тиіс.

Егер еңбекке ақы төлеу жүйесі туралы сөз қозғалса, ол біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75% болатын негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге тиіс (Еңбек кодексінің 126-бабының 4-тармағы). Бұл ретте негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында">

...


вернуться назад