Аударылған кепілақыны есепте рәсімдеу
Автор: К. Алпыспаева, салық кеңесшісіЖағдай
ЖШС құрылыс материалдарын жеткізумен айналысады. Басшылық сатып алушыға тақтайларды тиеп жіберу туралы келісті. Төлемді қамтамасыз ету мақсатында сатып алушы компанияға кепілақы аударды. Операцияны қалай дұрыс есепке алу керек және құжаттарды қалай дұрыс рәсімдеу керек?
18-ші ХҚЕС (IAS) 7 «Түсім» тармағына сәйкес, түсім - кәсіпорынның әдеттегі қызметі барысында, капитал қатысушылары жарналары есебінен болатын капитал ұлғаюларына әкелетін кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.
18-ші ХҚЕС (IAS) 14-тармағына сәйкес, тауарларды сатудан түскен түсім келесі талаптар қанағаттандырылғаннан кейін танылуы тиіс:
(a) ұйым сатып алушыға тауарларды иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды аударғанда;
(b) ұйымның әдетте иелену құқығымен байланысты қауымдасатын және сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспағанда;
(c) табыс сомасы сенімді өлшенгенде;
(d) ұйымға операциямен байланысты экономикалық тиімділіктің пайда болуы ықтимал болып табылғанда; және
(е) операциямен байланысты кеткен немесе күтілетін шығындарсенімді өлшенуі мүмкін болғанда.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес, бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi және есеп саясатын қамтиды.
Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес, бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның iске асырылу кезiнде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиiс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, құрылыс мате">
...