Капитал қозғалысы бойынша операцияларды есепке алудың ерекшеліктері

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Кәсіпорын құру – бірнеше кезеңнен тұратын іс, ол кезеңдердің әрқайсысы кәсіпорын үшін маңызды. Бухгалтер капиталмен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс есепке алынуын ғана емес, сондай-ақ заңдық сипат пен салықтық есептің қыр-сырын меңгеруі тиіс.

Мақалада келесідей мәселелер қарастырылды:

1. Компанияның құрылуы, жарғылық капиталдың қалыптасуы.

2. Жарғылық капиталды тауар-материалдық құндылықтармен, негізгі құралдармен қалыптастыру тәртібі.

3. Еншілес кәсіпорын құру.

4. Дивидендтерді бөлу және төлеу.

5. Дивидендтерге салық салу.

Компанияның құрылуы, жарғылық капиталдың қалыптасуы

ЖШС жарғылық капиталының қалыптасу шарттары мен тәртібі азаматтық заңнамамен және 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» №220-І заңмен (бұдан әрі – Серіктестіктер туралы заң) реттеледі.

Серіктестіктің жарғылық капиталының құрылу мерзімі Серіктестіктер туралы заңның 24-бабында белгіленген.

Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс. 

Серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталының (өзінің таза активтерінің) есебінен төлеуге не жарғылық капиталды оның енгізілген бөлігіне дейін азайтуға тиіс. 

Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. 

Қатысушы белгіленген мерзімде енгізбеген үлес немесе оның бір бөлігі серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша осы Заңның 31-бабының 1-тармағында немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен қалған қатысушылар арасында бөлінуі не үшінші жақтың сатып алуына ұсынылуы мүмкін. 

Салымның енгізілмеген бөлігін осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде сату мүмкін болмаған жағдайда серіктестіктің жарғылық капиталы осы сомаға азайтылады және соған сәйкес қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері өзгертіледі. 

Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі көрсетіліп, нотариат куәландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім үш жылдан аспауы керек. 

 

Бухгалтерлік есептегі жазбалар

Д-т

К-т

Операция

Сома
(теңге)

Ескертпе

5110 «Төленбеген капитал»

5030 «Салымдар мен пайлар»

Жарияланған жарғылық капитал – Иванов ЖШС үлесі­нің­ 50%

100 000

Әрбір құрылтайшы бойынша бөлек

5110 «Төленбеген капитал»

5030 «Салымдар мен пайлар»

Жарияланған жарғылық капитал – ­Петров ЖШС үлесінің 50%

100 000

Әрбір құрылтайшы бойынша бөлек

1010 «Кассадағы ақшалай қаражат», 1030«Ағымдағы банктік есепшоттардағы ақшалай қаражат»

5110 «Төленбеген капитал»

Жарғылық капиталға үлесі төленді – Иванов

100 000

Әрбір құрылтайшы бойынша бөлек

1010 «Кассадағы ақшалай қаражат», 1030 «Ағымдағы банктік есепшоттардағы ақшалай қаражат»

5110 «Төленбеген капитал»

Жарғылық капиталға үлесі төленді – Петров

100 000

Әрбір құрылтайшы бойынша бөлек

 

Жарғы">

...


вернуться назад