Бағам айырмасын есепке алу бойынша тәжірибелік мысалдар

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Осы мақалада шетел валютасымен ұсынылған түрлі мәмілелер кезінде туындайтын бағам айырмасын есепке алудың кейбір аспектілерін қарастырайық.

Салық кодексінің 57-бабының 4-тармағына сәйкес салық салу мақсатында бағамдық айырманы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағам айырмасы өзгерісінің компания қызметінің нәтижелеріне әсерін есепке алу ережелері 21 ХҚЕС (IAS) «Валюта бағамы өзгерісінің әсері» анықталады.  21 ХҚЕС (IAS) 8-тармағында бағам айырмасы бір валютадағы бірліктің белгілі бір санын екінші валютаға валютаның түрлі айырбастау бағамын қолдана отырып, айырбастау кезінде туындайтын айырма ретінде анықталады. Мұнымен қатар 21 ХҚЕС (IAS) келесі терминдер қолданылған:

– жабу бағамы – валюталардың баланс күнгі ағымдағы айырбас бағамы;

– валюта айырбастау бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті;

– әділ құн – жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома;

– шетелдік валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта;

– шетелдік бөлімше - өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым;

– қолданыстағы валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта;

– монетарлық баптар – қолда бар валюта бірліктері, сонымен қатар валюталық бірліктің бекітілген немесе анықталатын санымен өрнектелген алынуы немесе төленуі тиіс активтер мен міндеттемелер;

– есептілік ұсыну валютасы - қаржы есептілігі ұсынылатын валюта;

– ағымдағы айырбастау бағамы – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.

21 ХҚЕС (IAS) «Валюта бағамы өзгерісінің әсері» монетарлық және монетарлық емес баптар деп екіге бөледі. 21 ХҚЕС (IAS) 16-тармағына сәйкес монетарлық баптың басты ерекшелігі болып валюта бірлігінің нақты немесе белгіленген мөлшерін алу құқығы (немесе беру жөніндегі міндеттеме). Монетарлық баптардың мысалдары: қызметкерлерге қолма-қол ақшамен төленуге тиісті зейнетақылар мен басқа да жәрдемақылар; ақшалай түрде өтелуге тиісті резервтер, сонымен қатар ақшалай қаражат түрінде төленуі және   міндеттеме ретінде мойындалуы тиіс дивидендтер. Керісінше, монетарлық емес баптың негізгі ерекше белгісі болып валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін санын алу құқығының (немесе беру жөніндегі міндеттеменің) жоқтығы табылады. Монетарлық емес баптардың мысалы: тауарлар мен қызметтерге алдын-ала ақы төлеу (мысалы, жалгерлік бойынша алдын ала төлем), гудвилл, материалдық емес активтер,  қорлар, негізгі құралдар, сондай-ақ монетарлық емес актив беру жолымен реттеуге жататын есептік міндеттемелер.

Монетарлық және монетарлық емес баптарға бөлу шартты деген пікір бар, өйткені олардың арасында айтарлықтай шек жоқ және бухгалтерге баланс бабын анықтау кезінде 21 ХҚЕС (IAS) қатар кәсіби талқылаулар мен есептік саясатты басшылыққа алған жөн.  

21 ХҚЕС (IAS) 21-тармағына сәйкес бастапқы тану кезінде қолданыстағы валютада шетелдік валютамен жасалатын операция шетелдік валюта сомасына қолданыстағы валюта мен шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы валюта бағамын қолдану жолымен ескерілуге тиіс. Одан ары, 21 ХҚЕС (IAS) 23-тармағына сәйкес әрбір есепті күн соңында:

– шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын пайдалана қайта есептелуге тиіс;

– тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен қайта есептелуге тиіс;

– әділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар әділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.

21 ХҚЕС (IAS) 28-тармағына сәйкес монетарлық баптар бойынша есеп айырысу кезінде немесе монетарлық баптарды есепті кезең ішінде немесе бұрынғы қаржы есептілігінде бастапқы тану кезінде қайта есептелген бағамдардан өзгеше бағамдар бойынша қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырымдары пайдада немесе шығында олар пайда болатын кезеңде мойындалуға тиіс. Мұндай бағам айырмалары олар туындаған кезеңдегі пайдада немесе шығында мойындалады.

Валюта операциялары бойынша бағам айырмасының туындау жағдайларын тәжірибелік мысалдармен қарастырайық.

Мысалы

бағаммен 40 000 еуро сомасында аванс аударды. Осы операцияны жүзеге асыру үшін уәкілетті банктан 253 теңге бағаммен валюта сатып алынды. Валютаны сатып алу кезіндегі айырмашылық (сомалық айырмашылық) (253 – 252,5) × 40000 еуро = 20000 теңгені құрады. Тауар тауарларды кедендік шығару күні бойынша 14.04.2014 жылы қоймаға кіріске жазылды. Еуро бағамы 14.04.2014 жылы 252,72 теңгені құрады. Осы операция бухгалтерлік есепте қалай көрсетілуі тиіс?

Жеткізушіге валютамен аванс аудару үшін 2014 жылғы 17 наурызда қолма-қол ақшамен есептесу жолымен уәкілетті банк арқылы бір валютадан екіншісіне алмастыру операциясы жүзеге асырылды. Осы алмастыру нәтижесінде сомалық айырмашылық деп аталатын шығыс туындайды, бұл жағдайда бұл сома 20 000 теңгеге тең, ол 7470 «Басқа да шығыстар» шотының басқа да шығыстар құрамында көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорын тауарды толығымен алдын ала төлем талаптарымен сатып алатын болғандықтан, операцияны іске асыру күні аванс берілген күн болып табылады. Түзілген дебиторлық берешек монетарлық емес бап деп танылады, өйткені кәсіпорынның валюталық бірліктің бекітілген бірлігін алуға құқығы жоқ. Төленген аванс шотына жеткізуші тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға міндетті. Тауар келіп түскен кезде кедендік тазалаудан өтеді. 14.04.2014 жылы тауардың кедендік құны 252,72 теңге бағамы бойынша есептеледі және бұл бағам тек кедендік алымдар мен төлемдерді есептеу үшін ғана қолданылады. Бухгалтерлік есепте тауар қоймаға 14.04.2014 жылы кіріске жазылады, бірақ аванс төленген күндегі бағам бойынша, яғни 252,2 теңге бағам бойынша. Тауардың кедендік құны мен өзіндік құны арасындағы айырмашылық бухгалтерлік есеп деректері бойынша валютаның түрлі бағамдарын қолдану нәтижесінде туындайды, дегенмен аванс аударылған күн мен тауар келіп түскен күн арасында бағам айырмашылығы туындамайды.

Осы операция нәтижесіндегі шоттар корреспонденциясы 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте

Күні

Д-т

К-т

Валютамен сомасы

Бағам

Теңгемен сомасы

Операция мазмұны

17.03.2014

1021

1030

-

-

10 120 000

Банк бекіткен бағам бойынша шетел валютасын сатып алуға есептік шоттан ақшалай қаражат аударылды (40 000 еуро × 253 теңге)

17.03.2014

1030

1021

40 000 еуро

252,5

10 100 000

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша шотқа сатып алынған валюта сомасы аударылды

17.03.2014

7470

1021

-

-

...


вернуться назад