Жыл қорытындысы бойынша сыйлықақы беру
Автор: О. Кривоносова, кадр бөлімінің маманы, «АЛТЫН-Кадры» БҚ тапсырмалар үйлестірушісі, «ИнтерКомпьютерСервис» ЖШС, Қарағанды қ.Жыл қорытындысы бойынша сыйлықақы беру – қызметкерді ынталандыратын тамаша құрал. Ол ұйым қызметінің жалпы нәтижесіне әрбір қызметкердің қосқан үлесін ескеріп, мамандардың үздіксіз ауысуын болдырмайды. Жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйлықақы ұйымның қаршылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша төленеді. Оны ынталандырушы төлемдерге жатқызуға болады, себебі қызметкерлер ұйымдағы жұмыс өтілінің ұзақтығына, тұтас компания қызметінің нәтижесіне, ұйымның қол жеткізген пайдасына байланысты алады.
Мақалада қызметкерлерді жыл бойы ынталандырудың қағидалары, сыйлықақы сомасының орташа жалақыға қалай әсер ететіні, жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйлықақының қандай мерзімде төленетіні қарастырылған.
Сыйлықақы беру тәртібі
Жыл қорытындысы бойынша қызметкерлерді тиімді ынталандыру төмендегі қағидаларға сай болуы тиіс:
– еңбек тиімділігі мәселесі бойынша менеджмент мақсаттарына сәйкес келуі;
– ұжымның тұтастай өзекті мүдделері мен әрбір қызметкердің жеке мүддесін ескеру;
– қызметкерлер үшін әділ әрі түсінікті болуы тиіс;
– қызметкерге не үшін әрі қандай көлемде сыйлықақы берілетін туралы түсіндірме;
– ұжымды біріктіріп, жаңа жетістіктерге бағыттауы тиіс.
Қызметкерлердің еңбегін ынталанырып, ақы төлеу жүйесін ұжымдық, еңбек шарттары мен (немесе) жұмыс беруші актілері реттейді (Еңбек шартының 126-бабының, 3-тармағы). Осыған байланысты жұмыс беруші қосымша төлемдер мен үстеме ақыларды ынталандыратын сыйақы берудің түрлі жүйелерін белгілеуге құқығы бар.
Сыйақы беру тәртібі, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша берілетіндрі де еңбек шарттарында белгіленуі мүмкін. Алайда еңбек шартында қызметкерге сыйлықақы беру жүйесін сипаттау қиын әрі ыңғайсыз. Сондықтан ұйымда қарастырылған сыйақының барлық түрін есептеу мен төлеудің тәртібі егжей-тегжейлі баяндалатын арнайы құжат әзірлеген жөн. Бұл қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы ереже немесе еңбек ақысы туралы ережедегі жеке бөлім бола алады. Еңбек шартында қызметкерге ұйымда орнаған тәртіпке сай сыйлықақылар мен сыйақылар беріледі делінеді де, сыйлықақы беру туралы ереже немесе еңбек ақысы туралы ережедегі жеке бөлімге сілтеме жасалады.
Еңбек ақысы туралы ереже және (немесе) сыйлықақы беру туралы ереже ұжымдық шартқа қайшы келмеуі тиіс. Кез келген ұжымдық шарттың құрамдас бөлігі еңбек ақысы туралы ереже болып табылады. Онда сыйақы мен басқа да сыйларды берудің тәртібі сипатталады немесе ұжымдағы бекітілген құжатқа сілтеме жасалады. Сыйлықақы беру тәртібі туралы нормативтік актінің, мысалы жоғарыда айтылған қызметкерлерге сыйақы беру туралы ереженің мазмұныныа қойылатын талаптар заң жүзінде бекітілмеген.
Сыйақы беру туралы ережеде төмендегілерді ескерген жөн:
– ұйымда төленетін немесе жоспарланатын сыйлықақы мен сыйақының барлық түрін аудару;
– сыйлықақының белгілі бір түрлеріне лайық бөлімшелер мен (немесе) жекелеген қызметкерлерді (лауазымдарды) ескере отырып, сыйақыға іліккен тұлғаларды көрсету;
– сыйлықақы белгілеу тәртібін егжей-тегжейлі сипаттау: сыйлықақы берудің негіздемесі және шарттары, олардың нақты қандай көрсеткіштер мен жетістіктер үшін берілетіні, ол көрсеткіштердің сандық және сапалық сипаттамаларын келтіру, сыйлықақыны аудару мерзімі, сыйлықақы мөлшерін белгілеу тәртібі және т.б.
Сыйлықақы беру көрсеткіштері ұйым қызметі мен қызметкерге жүктелген міндетті ескере отырып анықталады, сыйақы беру көрсеткіштері мен шарттарын бірк өрсеткішті жақсарту екіншісінің нашарлауына әкеп соқпайтындай етіп белгілеу керек. Өндірістік қызметпен айналысатын ұйымдарда көбінесе қызметкерлерге сыйлықақы беру төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:
– өнім сапасын жақсартқаны, ақауды төмендеткені, сапасыз өнімнің кері қайтуы жайтын азайтқаны үшін;
– еңбек өнімділігі мен өндіріс ауқымын арттырғаны үшін;
– жаңа техника мен технологияны меңгергені үшін;
– материалдық шығынды азайтып, шикізатты, материалдарды, жанармай-энергетикалық ресурстарды, құрал">
...