Дара кәсіпкерліктің құқықтық негіздері
Автор: Д. Скориков, «ИнтерКомпьютерСервис» ЖШС-ның бөлім бастығыҚР ҚМ Салық комитетінің дара кәсіпкерлердің жеке шоттарын пайдалана отырып, құрастырған мәліметтері негізге алынған Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шығарған өнімі 5 504,0 млрд теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының ішінде дара кәсіпкерлер саны 68,4%-ді құрады, шаруа қожалықтары – 22,3%, шағын кәсіпкерлердің заңды тұлғалары – 8,3%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 1,0%-ды құрады.
2012 жылдың 1 қазаны бойынша дара кәсіпкерлер саны – 516 209 субъектіні, ал 2012 жылдың 1 қазаны бойынша жұмыс орындарының саны 815 872 адамды құраған. Дара кәсіпкерлер 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 584 607 млн теңгеге өнім шығарып, қызмет көрсеткен. Бұған статистикадағы сандар куә.
Дара кәсіпкерлік табыс көзі ретінде халық арасында кеңінен таралуда. Адамдар кейде кәсіпкерлікпен заңнаманың ең қарапайым деген негіздерін білместен айналысады. Алайда барлық заңды сақтап, қажетті рұқсаттар мен лицензияларды алу, қатаң бәсекелестікке төтеп беріп, табыс табу – оңай нәрсе емес. Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіпкерлік қызметін құқықтық тұрғыдан қарастырып көрейік.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 19-бабына сәйкес, азаматтар Кодексте және өзге заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу өз бетiмен тiркелу сипатында жасалады және жеке кәсiпкер ретiнде есепке алынады.
Дара кәсiпкерлiк – жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi.
Дара кәсіпкер – дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 6-бабының, 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
– егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
– филиалдар мен өкілдіктер құруға;
– Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын дербес белгілеуге;
– жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге;
– өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
– жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;
– жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;
– өз құқықтары бұзылған жағдайда, құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
– Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
– өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
– Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
ДК шағын кәсіпкерлік немесе орта кәсіпкерлік субъектілерне жата алады. ДК ірі кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
– есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
– акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
– астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
– лотереялар өткізуді;
– ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
– мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
– радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
– банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
– аудиторлық қызметті;
...