Жұмыстан қалу себепті жұмыстан босату тәжірибесі
Автор: О. Пономарева, бас экономистЕңбек кодексінің «Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу негіздемелері» 54-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзыла алады:
… 6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған кезде.
Еңбек кодексінде дәлелді себептері тізбесі берілмеген, сондықтан әрбір жұмыс беруші мұны жекелей анықтайды.
Бұл мақалада жұмыскерді жұмыстан қалғаны үшін орнынан босатудың қадамдық процедурасын қарастырамыз.
Жұмыстан қалғаны үшін босату өз процедурасы бойынша оңай не күрделі болуы мүмкін. Көптеген нәрсе жұмыстан қалу жағдайы мен жұмыскердің жүріс-тұрысына байланысты болады.
Жұмыстан қалғаны үшін босатудың қадамдық процедурасы үшін қажетті құжаттар:
– жұмыс уақыты есебі табелінде жұмыскердің жоқтығын белгілеу;
– басқа жұмыскерлерден аталған жұмыскерді қай күндері көрмегені туралы баяндамалар немесе түсіндірмелер алу (міндетті емес, бірақ болғаны жөн);
– жұмыскердің жұмыс орнында болмауы туралы акт жасау, оны кемінде екі куәгер қолымен растау. Актіге жұмыскердің жұмыста болмауының дәлелді себептері туралы мәліметтердің келіп түспегені туралы жазба енгізу;
– жұмыскердің жұмыста болмауы себебінің шынымен негізді болуын анықтау бойынша шаралар қабылдау;
– егер жұмыскер жақын арада жұмысқа шығатын болса, одан жұмыстан қалуы туралы жазбаша түсініктеме алу керек. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін түсініктеме алынбаса, жұмыскердің жұмыстан қалу туралы түсініктеме беруден бас тартуы туралы акт жасап, оны кемінде екі куәгердің қолымен растау қажет;
– егер жұмыскер жұмысқа шықпаса, оған түсініктеме беру үшін дәне жұмыстан қалу себебін хабарлау үшін жеделхат немесе хат (кері хабарландыру мен салынған тіркемелер туралы тізімдемесі бар) жіберу керек. Хат (жеделхат) көшірмесін сақтау керек. Жіберу фактісін шығыс корреспонденция журналында көрсету қажет. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін түсініктеме ұсынылмаса, акт жасау керек;
– Еңбек кодексінің 74-бабы бойынша тәртіпті бұзғандығы үшін жауапкершілікке тарту мерзімі, яғни анықталғаннан бастап 1 ай және істелу күнінен бастап 6 ай өтіп кетпегенін тексеру.
Жұмыстан қалудың дәлелді себептері анықталмаса және тәртіп жазасын қолдану мерзімдері өтіп кетпеген болса, еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығару;
– бұйрықтар (қаулылар) тіркеу журналында бұйрықты тіркеу;
– пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны (есептесу жазбасын рәсімдеу міндетті), жұмыскерге тиесілі барлық жалақыны есептеу.
Еңбек кітапшасындағы жазба келесідей бола алады:
«Еңбек шарты жұмыстан қалу себепті жұмыс беруші бастамасымен бұзылды, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы, 1-тармағы, 6-тармақшасы» немесе: «Жұмыстан қалу себепті жұмыстан босатылды, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы, 1-тармағы, 6-тармақшасы».
Жұмыстан қалғаны үшін жұмыскерді жұмыстан шығару кезінде жіберілетін қателер
1. Жұмыс беруші жұмыскердің жұмысқа шықпаудың дәлелді себебі болғанын анықтамады және ескермеді.
2. Қандай да бір міндетті құжаттар жоқ немесе қате әзірленген: жазбаша түсініктеме жазба, жұмыстан қалу туралы акт, жұмыстан қалу туралы бұйрық және т.б. Жұмыс уақытын есепке алу кестесінде жұмыстан қалу белгіленбеуі немесе кесте мүл">
...