ЖШС-ның жарғылық капиталындағы өзгерістер: бухгалтерлік есеп, салық салу

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Жарғылық капитал бастапқы функцияны, кепілді функцияны, табысқа және басқаруға қатысуды қамтамасыз ету функциясын орындайды.

Бастапқы функция қатысушыларға кәсіпкерлік қызметке кірісуге құқық береді және бастапқы уақытта ЖШС-ның материалдық базасын қамтамасыз етеді.

Кепілді функция ЖШС кредит берушілерінің мүдделеріне кепілдік беретін оның мүлкінің ең аз мөлшерін жарғылық капиталдың белгілейтіндігі болып табылады. 

Табысқа және басқаруға қатысуды қамтамасыз ету функциясы ЖШС-ның әрбір қатысушысының серіктестіктің жарғылық капиталындағы оның үлесіне сәйкес келетін, бөлінетін табыстың бөлігін (дивидендтер) алуға құқылы болып табылатындығында және әрбір қатысушының жалпы жиналыста дауыс беру кезінде, серіктестіктің жарғылық капиталындағы оның үлесіне сәйкес келетін дауыс саны бар. Әрбір қатысушы салымының жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатынасы қатысушының жарғылық капиталдағы  үлесі болып табылады. 

Ескерту. Мақала мәтінінде «құрылтайшы» емес, «қатысушы» деген сөз пайдаланылатын болады, өйткені серіктестік құрылғаннан кейін оның мүлкіндегі үлеске арналған құқықты алған серіктестік құрылтайшылары оның қатысушылары болып табылады (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-І «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы (бұдан әрі – ЖШС туралы Заң)). Яғни, ЖШС-ны тіркегеннен кейін «құрылтайшы» «қатысушы» болады.

Жарғылық капиталдың ең жоғары мөлшері заңнамамен регламенттелмеген. ЖШС-ны тіркеу кезінде жарғылық капиталдың ең аз бастапқы мөлшері серіктестікті мемлекеттік тіркеу күніндегі АЕК-ның жүз мөлшеріне барабар сомадан кем бола алмайды. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын ЖШС үшін ең аз жарғылық капиталдың мөлшері 100 теңгеден кем бола алмайды (ЖШС туралы Заңның 23-бабы 2-тармағы).

Жарғылық капиталдың оңтайлы мөлшері – бұл бизнес мұқтаждығы мен қатысушылар мүмкіндіктерінің теңгерімін қамтамасыз ететін мөлшер. Егер жарғылық капитал аз болса, онда бизнес жұмысын бастау үшін өндірістік база мен айналым қаражаты жиі жетіспейді және заем, кредиттер алуға тура келеді де, мұндай кәсіпорынның іскери беделі де күмәнді. Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, әдетте, серіктестік қатысушыларының өздері, бұл серіктестіктің міндеттемелері бойынша олардың жауапкершілік дәрежесін арттыруды болжаса да, жарғылық капитал мөлшерін ұлғайтуға мүдделі.

Қатысушылар өз кәсіпорнының жұмыс нәтижелері бойынша және пайда болған міндеттерге байланысты, жарғылық капитал мөлшерін өзгерте (ұлғайта, азайта) алады. Қатысушылар жарғылық капиталдағы өз үлесін (үлес бөлігін) сата (сатып ала, бере) алады.

Назар аударыңыз!

Жарғылық капитал мөлшерін азайту немесе шаруашылық серіктестіктердегі қатысушылар құрамын өзгерту заңды тұлғаны қайта тіркеуге әкеп соғады. Аталған негіздемелер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлғаны қайта тіркемейінше, жарамсыз болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабы 6-тармағы).

Жарғылық капиталды ұлғайту аумақтық әділет департаментін хабардар ету сипатына ие, яғни жарғылық капиталды ұлғайту туралы хабардар ету заңды тұлғаны қайта тіркеуге әкеп соқпайды.

Жарғылық капиталды ұлғайту

ЖШС туралы заңның 26-бабына сәйкес, ЖШС-ның жарғылық капиталын ұлғайту мынадай жолмен жүзеге асырыла алады:

1) серіктестіктің барлық қатысушылары іске асырған қосымша барабар салымдармен;

2) серіктестіктің жеке капиталы есебінен, соның ішінде оның резервтік капиталы есебінен жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту;

3) барлық қалған қатысушылардың бұған келісімі бар болған кезде, бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуімен;

4) серіктестік құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.

Жоғарыда келтірілген тізбенің 1) және 2) тармақтарымен көзделген тәртіпте жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту кезінде қатысушылардың үлес мөлшерлері өзгермейді.

Жарғылық капитал ЖШС қатысушыларының біреуі немесе жаңа қабылданған қатысушы қосымша жарна енгізу жолымен көбейтілген кезде (3) және 4) тармақтары), мұндай салымның мөлшері серіктестіктің жеке капиталына олардың алдыңғы жарнасының мөлшерін есепке алып және жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлесін қайта есептеу қажеттілігімен белгіленеді.

ЖШС-ның жарғылық капиталын толық төлегеннен кейін, оны көбейтуге рұқсат етіледі.

Серіктестік оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асыратын органды жалпы жиналыс жарғылық капиталды көбейту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталды көбейту туралы хабардар етуге міндетті. Хабардар ету сәтінде жарғылық капитал ұлғайтылған соманың кемінде жарты сомасына салымдар енгізілуге тиіс.

Егер серіктестік тіркеуші органды хабардар етпесе, жарғылық капиталдың ұлғайтылуы жүзеге асырылмады деп танылады.

Егер жарғылық капиталды ұлғайту жүзеге асырылмаса, ЖШС-ға кіруге ынта білдірген, өз салымын енгізген қатысушы немесе үшінші тұлға серіктестіктен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес, салымның қайтарылуын және тұрақсыздық төлемінің төленуін немесе шығындардың, соның ішінде ұтылған пайданың орны толтырылуын талап етуге құқылы.

Серіктестіктің есебінде жарғылық капиталдың ұлғайтылуын көрсету

Қосымша активтерді тарту есебінен жарғылық капиталды ұлғайту кезінде теңгерім активі (ақша, мүлік және өзге активтер) ұлғаяды және дәл осындай сомаға теңгерім пассиві де (жарғылық капитал) ұлғаяды. Яғни қатысушылардың қосымша салымдары немесе құрамға жаңа қатысушыларды қабылдау есебінен жарғылық капиталды ұлғайту кезіндегі операциялар мен бухгалтерлік өткізбелер жарғылық капиталды бастапқы қалыптастыру кезіндегі өткізбелерге ұқсас болады:

Жарғылық капиталды ұлғайту кезінде серіктестікте салық міндеттемелері пайда болмайды. Өйткені Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 84-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, салық салу мақсатында жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны табыс ретінде қарастырылмайды.
Жарғылық капиталды жеке капитал есебінен ұлғайту кезінде теңгерім сомасы өзгермейді, өйткені «рокировка» «Капитал» бөлімінің ішінде орын алады (бір жол басқа жолды азайту есебінен ұлғайтылады). Өткізбелер:

МЫСАЛЫ

Бөлінбеген пайда есебінен жарғылық капиталды ұлғайту

«С» ЖШС-ның 2013 жылдың  нәтижелері бойынша алынған бөлінбеген табысы бар.

Теңгерімнен үзінді:

– жарғылық капитал – 400 000 теңге;

– бөлінбеген табыс  – 2 600 000 теңге;

– жиынтығы, ЖШС-ның жеке капиталы – 3 000 000 теңге.

ЖШС қатысушылары дивидендтер төлемеуге, ал ЖШС-ның жарғылық капиталын бөлінбеген табыс есебінен 2 400 000 теңгеге дейін ұлғайтуға ниетті.  Жарғылық капиталды ұлғайтқаннан кейін, теңгерім мынадай болады:

– теңгерімнен үзінді:

– жарғылық капитал – 2 400 000 теңге;

– бөлінбеген табыс – 600 000 теңге;

– жиынтығы, ЖШС-ның жеке капиталы– 3 000 000 теңге;

– өткізбелер (теңгемен):

– жарғылық капиталды ұлғайту жарияланды:

Д-т 5110 Төленбеген капитал 2 000 000

К-т 5030 Салымдар және жарнапұлдар 2 000 000

– бөлінбеген пайда жарғылық капиталды ұлғайтуға бағытталды:

Д-т 5520 Бөлінбеген пайда 2 000 000

К-т 5110 Төленбеген капитал 2 000 000

 

МЫСАЛЫ

Резерв есебінен жарғылық капиталды ұлғайту

«С» ЖШС-ның жарғылық капиталы 100 000 теңгені құрайды. «С» ЖШС жабдықты 5000000 теңгеге (бастапқы құны) сатып алды. Жылдың соңында есептелінген амортизация 600 000 теңгені құрады. Теңгерімдік құны – 4 400 000 теңге (5 000 000 – 600 000); әділ құны – 5 700 000 теңге. Жылдың соңында негізгі құралды әділ құнына дейін қайта бағалау жүргізілді де, қатысушылар қайта бағалауға арналған резерв есебінен жарғылық капиталды ұлғайтуды шешті.   

Қайта бағалау бойынша есеп айырысулар:

Қайта бағалау индексі = Әділ құн / Теңгерімдік құн = 5 700 000 / 4 400 000 = 1,295454545;

Түзетілген бастапқы құн = Бастапқы құн x Қайта бағалау индексі = 5 000 000 x 1,295454545 = 6 477 273 теңге;

Бастапқы құнды толық бағалау сомасы = Түзетілген бастапқы құн - Бастапқы құн = 6 477 273 – 5 000 000 = 1 477 273 теңге;

Түзетілген амортизация = Амортизация сомасы x Қайта бағалау индексі = 600 000 x 1,295454545">

...


вернуться назад