Кәсіпорындардағы өрт қауіпсіздігі
Автор: Д. Скориков, «ИнтерКомпьютерСервис» ЖШСӨрт сияқты апат аз уақыттың ішінде-ақ кәсіпкерді барлық бизнесінен айырып, қызметкерлердің және клиенттердің денсаулығына немесе өміріне зиян әкелуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда өртке қарсы қауіпсіздігіне қатты назар аударылады.
2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңға сәйкес, өрт – қауіп тудыратын, адамдардың өмірі мен денсаулығыа зиян келтіретін, жеке және заңды тұлғаларға, қоғамның және мемлекеттік мүдделеріне материалдық залал әкелетін, бақылануы мүмкін емес тілсіз жау. Ал өрт қауіпсіздігі бұл – адамдардың, мүліктің, қоғамның және мемлекеттің өрттен қорғалу жағдайы. Өрт қауіпсіздігі заңнамамен реттелген. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құықтық актілеріне Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі талаптары баяндалған, техникалық регламенттер, өрт қауіпсіздігі ережелері, нұсқаулықтар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер жатады. Өнімдерге және оның тіршілік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Өрт қауіпсіздігі шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ өрттердің туындау себептерін талдау және олармен күресу, заттардың, материалдардың, технологиялық үдерістердің, бұйымдардың, құрылымдардың, ғимараттардың және құрылыстардың өрт қауіптілігін бағалау негізінде жасалады.
Өнімнің өрт қауіпсіздігі талабы және оның пайдалану уақыты техникалық регламентте көрсетіледі.
Кәсіпорындарға, ғимараттарға, құрылыстар мен басқа да нысандарға арналған өрт қауіпсіздігі шараларын жасау мен жүзеге асыру, соның ішінде оларды жобалау міндетті түрде өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шешімдерді көздеуі тиіс.
Өндірістік">
...