Задать вопрос
Рубрикатор всех статей

Рeзeрвтeрді, шартты міндeттeмeлeрді жәнe шартты активтeрді eсeпкe алу
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F
 
Резервтерді, шартты міндеттемелерді және шартты активтерді есепке алу ҚЕХС (IAS) 37 «Резервтер, шартты міндеттемелермен және шартты активтермен» реттеледі. ҚЕХС (IAS) 37-ге енгізілетін негізгі түсініктерді қарастырамыз.

Резерв – бұл белгісіз мөлшерлі немесе белгісіз өтеу мерзімі бар міндеттеме.

Міндеттеме – бұл кәсіпорынның өткен оқиғалардан туындайтын қазіргі міндеттемесі, оларды реттеу экономикалық пайданы қамтитын резервтің сыртқа шығуына әкеп соғатыны күтілуде.

Қазіргі (ағымдағы) міндеттеме компанияның өткен оқиғалар салдарынан міндеттемені өтеуге нақты баламасы жоқ болған жағдайда болады, бұл экономикалық пайданы қамтитын резервтердің шығуына әкеп соғады («міндеттеме жүктейтін оқиға»).

Міндеттеме жүктейтін оқиға – бұл заңды немесе қалыптасқан практикадан туындайтын міндеттеме тудыратын оқиға, оның нәтижесінде кәсіпорынның бұл жағдайды реттеу­ге нақты баламасы жоқ.

Заңды міндеттеме – шарттан, заңнамадан, құқық нормаларының өзге әрекеттерінен (мысалы, сот шешімінен) туындайтын міндеттеме.

Қалыптасқан практикадан туындайтын міндеттеме – мынадай жағдайларда кәсіпорынның әрекет ету нәтижесінде пайда болатын міндеттемесі:

–  қалыптасқан практика, жарияланған саясат немесе жеткілікті нақты ағымдағы өтініш арқылы кәсіпорын өзіне белгілі бір міндеттерді жүктейтінін басқа тараптарға көрсетті;

–  кәсіпорын өзіне жүктеген міндеттерді орындайды деген басқа тараптардың негізделген күтулерін тудырды.

Ресурсты тану, бағалау және есепке алу

Ресурс есепке алуда танылуы үшін мынадай критерийлерді сақтау керек:

–  кәсіпорынның қандай да бір өткен оқиға нәтижесінде пайда болған қазіргі (ағымдағы) міндеттемесі (заңды немесе қалыптасқан практикадан туындайтын);

–  міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық пайдаларды қамтитын ресурстардың сыртқа шығуын қажет етілетіні анық деп болжанады;

–  міндеттеме мөлшерінің сенімді есептік бағалануын келтіру ықтимал.

Ресурс мысалдары:

–  кәсіпорынның қайта құрылымдалуы;

–  кепілдік міндеттемелері;

–  кәсіпорын қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;

–  пайдаланудан негізгі құралды (ары қарай – НҚ) шығару бойынша міндеттемелер;

–  ауыртпалық салу шарты және басқалары.

Сату кезінде өндіруші өнімді сатып алушыларға кепілдік ұсынады. Шарт талаптары бойынша өндіруші сату кезінен бастап үш жыл ішінде анықталған кез келген өндірістік ақауларды түзетуге міндеттенеді: жөндеу жүргізу немесе ақшасын қайтарып беру. Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша кәсіпорын сатып алушылардан шағым күтуде. Ресурсты тану керек пе?

Бұл жағдайда ресурсты тану үшін қажетті критерийлер сақталады:

– кепілдігі бар өнімді сатумен байланысты ағымдағы заңды міндеттеменің болуы;

– өтеу ықтималдығы – осы кластың барлық кепілдіктері үшін бар.

Осының негізінде, ресурсты тану керек деген қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынға қатысты зиянның орнын толтыру туралы іс қозғалды, алайда, бұл ретте, кәсіпорын болған оқиғада өзінің кінәсін мойындамайды. 31.12.2009 ж. аяқталған кезең үшін қаржы есептілігін бекіткенге дейін кәсіпорынның заңгерлері кәсіпорын кінәсіз танылады деп болжады. Алайда 31.12.2010 ж. аяқталған кезең үшін есептілікті дайындау кезінде, сот тексерісінің барысын назарға ала отырып, олар пікірлерін өзгертті де, қазір кәсіпорынды ж">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад