Задать вопрос
Рубрикатор всех статей

Ұйым мүлкінің есебі мен сақталуы
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Бухгалтерлік есеп ұйымның қызметі, оның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың қалыптасуы болып табылатын көптеген мәселелерді шешеді. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп түрлі қызметтерді атқарады, олардың ішінде ақпараттық, бақылаушылық қызмет, кері байланыс қызметі, аналитикалық қызмет, мүліктің сақталу қызметі бар. Автор соңғы қызметке оқырмандардың назарын аудартады.

 

Активтердің сақталуын қамтамасыз ету

Азаматтық кодекстің 115-бабына сәйкес, «Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады».

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-ІІІ «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы активтер – дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар деп түсіндіреді.

Сәйкесінше, активтер өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға саятын қаржылық есептіліктің элементтері ретінде құндық бағаға ие болып, олардан болашақта табыс күтіледі.

Қазіргі таңда кәсіпорындардағы  актив ұғымына сәйкес келетін заттарды, ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып отыр.

 

Есепті ұйымдастыру

Заңның 8-бабында бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде ұйым жасайтын барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін, бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз ететіні айтылады. Бұл барлық операцияларды, активтердің сақталуы, ұрлау деректерін болдырмау мен анықтау бойынша шараларын, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілік құруда қатеге жол бермеу бойынша шараларды тиімді жүргізу үшін қажет. Сондай-ақ, дербес аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы басқаруды қамтамасыз ететін ішкі бақылауды ұйымдастыру маңызды.

Басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:

1)  бас бухгалтер ба">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад