Задать вопрос
Рубрикатор всех статей

Түгендеу
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F
 
Түгендеу материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасауды, есепке алу және материалды жауапты тұлғалардың (ары қарай – МЖТ) жұмысындағы мүмкін болатын қателіктерді анықтауды, жоюды, табиғи зиян көлемін белгілеуді және материалдық және өзге құндылықтардың қалдықтары туралы есепке алу деректерін анықтап жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 
ҚР Қаржы министрілігінің 2007 ж. 22 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепке алу жүргізу ережелерінің (ары қарай – Ережелер) 7 «Түгендеу» бөліміне сәйкес, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында, активтер мен міндеттемелердің түгенделуі жылына кем дегенде бір рет өткізіледі.
Жеке кәсіпкерлер (ары қарай – ЖК) мен шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын ұйымдар түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімін өздері белгілей алады. Орналасқан жеріне қарамастан, бірақ бухгалтерлік есепте болып саналатын (жауапты сақталудағы, шарт бойынша жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссия үшін қабылданған) барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен ескерілмеген мүлік және барлық міндеттеме түрлері түгенделуге тиіс.
Есептік жыл ішіндегі түгендеу санын, оларды өткізу күнін, олардың әрқайсысын тексеру кезіндегі мүліктің және қаржы міндеттемелерінің тізілімін ұйым басшысы немесе ЖК белгілейді. Жылдық бухгалтерлік есептілікті құру алдында түгендеу өткізу – міндетті түрде.
Ұйымның басшысы мен бас бухгалтеріне түгендеуді дұрыс және уақтылы өткізу үшін жауапкершілік жүктеледі.
Түгендеуді өткізу үшін ұйым басшысының немесе ЖК-нің бұйрығымен түгендеу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылады.
Түгендеу комиссиясын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған соң, оның төрағасына ұйымның бірінші басшысының немесе ЖК-нің қол қоюымен жазбаша өкімі беріледі, бұл өкімде комиссия құрамынан басқалар да көрсетіледі: бұйрықтың нөмірі">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад