Задать вопрос
Рубрикатор всех статей

Егер қызметкер іссапарға шығатын болса…
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Бизнес барған сайын ұтқыр бола түсуде, келіссөздер, конференциялар, көрмелер, жабдықты жеткізіп беру және жинақтау, құрылыс және т.б. жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін Қазақстан бойынша да, шетелге де іссапарларға жіберуге және өздерінің осы үдеріске белсенді қатысуына мәжбүрлейді.

Бұл үдеріс жай нәрсе емес, ол жұмыс беруші, қызметкердің өзі, кадрлар бөлімі маманы, бухгалтер тарапынан қосымша іс-әрекеттерді талап етеді, бұл ретте, ең алдымен іссапарға жіберілетін қызметкердің жұмыс уақытына ақы төлеуге және есепке алуға байланысты сұрақтар жиі пайда болады.

Бұл үдерістің ұйымдастырылуын Еңбек кодексіне сәйкес қарастырайық.

 

Іссапарлар туралы ережені әзірлейміз

Еңбек кодексінде жазылған анықтаудан бастайық. Мәселен, Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 81-тармақшасына сәйкес, іссапар – жұмыс берушінің өкімімен қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ, қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу. Демек, іссапарда қызметкер не өзінің қызметтік міндеттерін орындайды, не оқиды (біліктілігін арттырады). Мұның барлығы, ол жұмыс істейтін және тұратын орнынан тыс жерде. Тұрақты жұмысы жол жүретін сипатқа ие немесе жолда өтетін қызметкерлердің қызметтік жол жүрулері іссапар болып есептелінбейді. Сондай-ақ, қызметкер тұрақты тұру орнынан тыс жерде жұмыс істейтін жұмыстың вахталық әдісі де іссапарға жатпайды.

Егер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері іссапарға жіберілсе, онда бұл үдерісті ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары жөніндегі ережелерді бекіту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысын басшылыққа алу керек (2012 жылғы 16 мамырда">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад