Жер салығы мен мүлік салығы

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Жылжымалы және жылымайтын мүлікке салынатын қандай салықтар бар? Азаматтық кодекстің 117-банының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүліктер жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, iшкi сауда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.   Азаматтық кодекстің 117-бабының 3-тармағына сәйкес жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлiк деп танылады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi Салық кодексіне сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге тиісті салықтар қарастырылған: мүлік салығы, жер салығы және көлік құралының салығы. Сондай-ақ Салық кодексінде жоғарыда аталған салықтарды есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері анықталған.   Мүлік салығының сомасын есептеу қандай тәсілмен жүргізіледі? Жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық сомасын салық органы салық салу объектісінің құнына байланысты есептейді. Бұл ретте егер жеке тұлғада бірнеше объект бар болса, онда мүлікке салынатын салық әр объект бойынша бөлек-бөлек есептеледі. Салық кодексінде жеке тұлғалардың мүліктік салығы ставкаларының үдемелі шкаласы қарастырылған, яғни салық салу объектісіне байланысты 0,05%-дан 1%-ға дейін.   Жер салығы мен мүлік салығын төлеу кезінде қандай жеңілдіктер бар және олар азаматтардың қандай категорияларына қолданылады? Салық кодексінің 58-тарауының 403-бабының 2-тармағының 1-5-тармақшаларына сәйкес мүлік салығын төлеушілер болып келесі тұлғалар табылмайды: мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер; меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер; меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар. 2-тармақтың 1-4-тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектiлерi бойынша салықты 58-тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi; кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсіпкерлер. 2011 жылы салықты есептеу үшін ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген 1 512 теңге айлық есептік көрсеткіші қолданылатындығына назар аударыңыздар. Салық кодексінің 373-бабына сәйкес жер салығын төлеушілер болып мынадай жеке тұлғалар табылмайды: шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер ...

Авторизуйтесь или купите полный доступ

вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос

Рубрика статей


–ейтинг@Mail.ru