Көлік құралдарына салық төлеуге қатысты сұрақтарға жауаптар

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеушілер болып кімдер табылмайды?

Салық кодексінің 365-бабының 3-тармағына сәйкес көлік құралдарына салық төлеуші болып мынадай жеке тұлғалар табылмайды: Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар; меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер, салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша –  Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар.

Салық төлеуші көлік құралдарына төленетін салықты өзі есептей алады ма, бұл жағдайда – жеңіл автомобильге?

Салық төлеушілер көлік құралына салынатын салық сомасын дербес  анықтайды. Жеңіл автомобиль түріндегі көлік құралына салықты есептеу үшін двигатель көлемін білу жеткілікті.

Егер сіз осы ақпаратты білсеңіз, онда салық ставкаларын және түзету коэффициенттерін қолданып, жеңіл автомобиль түріндегі көлік құралына салықты есептей аласыз.

 

Салық ставкалары

Салық салу объектісі

Ставка,

АЕК*

Салық сомасын ұлғайту

Двигателінің көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):

1100-ге дейін қоса алғанда

1

жүргізілмейді

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

Салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегінен асудың әр бірлігіне 7 теңгеге көбейтіледі

 

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

6

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

9

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан жоғары

117

 

* 2011 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері 1 512 теңгені құрайды.

Сондай-ақ Астана қаласы бойынша Салық департаментінің веб-сайтындағы (www.astananalog.kz) «Салықты қалай жылдам есептеу қажет» бөлімінде көлік құралдарына салынатын салықты автоесептеу енгізілген, ол арқылы әр салық төлеуші салық сомасын есептей алады.

Жеңіл машинаға салынатын салық сомасын қалай есептеуге болады?

Жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдеріне салынатын көлік құралдары салығы келесі формула бойынша есептеледі:

Салық сомасы = (Салық ставкасы ? АЕК) + (Двигатель көлемінің жоғарылауы ? 7 теңге).

 

Мысал

Сіз двигательінің көлемі 1 700 шаршы см құрайтын ВАЗ-21213 «Нива» иегерісіз.

2011 жылғы салық сомасы 5 936 теңгені (3 АЕК ? 1 512 теңге) + (7 теңге ? 200 шаршы см) құрайды.

200 шаршы см – двигатель көлемінен асып кету (1 700 - 1 500 шаршы см).

Көлік құралдарының салығын қандай мерзімге дейін төлеген дұрыс?

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі – салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей.

Көлік құралдарын тіркеуден, қайта тіркеуден немесе мемлекеттік техникалық тексеруден өткізген жағдайда жеке тұлғалар осы аталған әрекеттерді іске асырғанға дейін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салықты есептеуді және бюджетке төлеуді жүргізеді.

Бұл ретте көлік құралының иегері атынан жекеменшікті көлік құралын қайта сенімгерлікпен басқару құқығында көлік құралын иемденуші тұлғаның көлік құралдарының салығын төлеуі көлік құралы иегерінің осы салық кезеңіндегі салық міндеттемесін орындауы болып табылатындығын айта кеткен жөн.

Салықты екінші деңгейдегі банктердің барлық есептік-кассалық бөлімдерінде және «Қазпошта» АҚ-да төлеуге болады.

«Қазпошта» АҚ жеке тұлғалардың көлік құралы салығын бюджетке қабылдауды комиссиялық сыйақы алмай жүзеге асырады.

Салық төлеуші 2011 жылы 2005 жылы сатып алынған 1981 жылы шығарылған ВАЗ-2106 маркасының автомобиліне салық төлеуі керек пе?

2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылған Салық кодексіне сәйкес ТМД елдерінде өндірілген пайдалану мерзімі 20 жылдан астам жеңіл көлік құралдары бойынша «0» түзету коэффициенті қолданылған. Айтылғандардың негізінде 2005 жылғы және 2008 жылғы кезең аралығындағы салық сомасы «0» теңгені құрады.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің осы нормасы қайтарып алынды. Осыған байланысты осы автомобиль бойынша көлік құралдары салығын төлеу міндеті 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындады.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы Салық кодексіне жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық есептеуге және төлеуге қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне көлік құралдары салығына қатысты мынадай өзгертулер енгізілді:

1. Салық кодексінің 367-бабының 1-1-тармақшасында көлік құралдарына салық салу категорияларына жатқызудың талдамасы берілген:

–          жеңіл автомобильдерге жататындар:

В категориясының автомобилдері;

Жүк бөлігінен стационарлы қалқамен бөлінген, жүктерге арналған платформасы мен жүргізушіге арналған кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (пикап автомобильдер);

рұқсат етілген максималды масса және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В категориясының талаптарынан асып кететін сыйымдылығы жоғары және өндіргіштігі жоғары автомобильдер (жол талғамайтын көліктер, соның ішінде джиптер, сонымен қатар кроссоверлер мен лимузиндер);

–          егер 1-1-тармақтың 1-тармақшасымен басқасы белгіленбеген болса, жүк автомобильдеріне С категориясының автомобильдері жатады;

–          егер 1-1-тармақтың 1 және 2-тармақшаларымен басқасы белгіленбеген болса, арнайы автомобильдерге белгілі бір технологиялық процестерді немесе операцияларды орындауға арналған арнайы жабдықтары бар автомобильдер жатады;

–          егер 1-1-тармақтың 1-тармақшасымен басқасы белгіленбеген болса,  автобустарға D категориясының автомобильдері жатады.

2. Двигателінің көлемі 2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда болатын жеңіл көлік құралдары бойынша салық ставкасы 5 АЕК-тен 6 АЕК-ке ұлғайтылды, ал 2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда 8 АЕК-тен 9 АЕК-ке.

Сонымен қатар, 117 АЕК ставка бойынша салық салынатын двигательінің көлемі 4 000 шаршы см жоғары жеңіл автомобильдер бойынша салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегін асып кетудің әр бірлігі үшін 7 теңгеге жоғарылайды. 2010 жылы двигателінің көлемі 4 000 шаршы см. жоғары автомобильдер бойынша салық сомасы двигатель көлемінің 4 000 шаршы см. асып кетуіне қарамастан 117 АЕК мөлшерін құрады.

 

Мысал

Двигателінің көлемі 200 шаршы см құрайтын жеңіл автомобиль. 2010 жылдағы салық сомасы келесіні құрады: 117 АЕК = 117 ? 1 413 = 165 321 теңге. 2011 жылы осы автомобиль бойынша салық сомасы келесіні құрады: 117 ? 1 512 + 200 ? 7 = 178 304 теңге, мұнда 1 512 – 2011 жылға АЕК. Яғни 4 000 шаршы см көлемді 7 теңгеге өндірістік асып кету ретінде анықталған сома қосымша төленеді.

3. Сондай-ақ 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдарына салық салу объекттері болып тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, өткізгіштігі жоғары арнайы машиналар және 3 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын жалпыға бірдей пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары табылады.

Авторизуйтесь или купите полный доступ

вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос

Рубрика статей


–ейтинг@Mail.ru