Салық заңнамасындағы өзгерістерге шолу

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

2010 жылдың 26 қарашасында Салық кодексі мен Салық кодексін енгізу туралы заңға енгізілген  № 356-IV өзгерістер (бұдан әрі - № 356-IV Заң) алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, КТС-ң, пайдалы қазбалар салығының, көлік құралдары салығының, темекі өнімдері акциздерінің мөлшерлемелерін өзгертуге, үшінші буын ұялы байланыс пен төртінші буынның мобильді байланысы қызметтерін көрсету үшін радио жиілігі спектрін қолдану төлемі мөлшерлемелерін бекітуге бағытталған. Бұл мақалада оқырмандарыңызға осы өзгерістерге қысқаша шолуды ұсынамыз. Салық әкімшілігі, салық есептілігін бекіту ерекшеліктері, сонымен қатар, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгертулер мен толықтыруларды қоспағанда, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнама актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан ерте емес қабылданып, оларды қабылдау жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей күшіне ене алады (Салық кодексінің 3-бабының 2-тармағы). Алтынның қаржы құралы ретінде инвестициялық тартымдылығына жағдайлар жасау үшін № 356-IV заңымен инвестициялық алтынға қатысты операцияларды ҚҚС-тан босату бойынша түзетулер енгізілді, осыған байланысты Салық кодексінің 12-бабы Салық кодексінде инвестициялық алтынға қатысты қолданылатын негізгі түсініктермен толықтырылды (Салық кодексінің 12-бабы 19-тармақшасымен енгізілген). Жеке тұлға инвестициялық алтынды өткізген жағдайда құн өсіміне 10% мөлшерлемесімен мүліктік табыс ретінде салынады (Салық кодексінің 180-бабының 2-тармағының 5-тармақшасы). Салық кодексінің 248-бабының 16-1 тармақшасымен көзделетін талаптарға бір мезгілде сай келген жағдайда инвестицилық алтын бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады. Инвестициялық алтынды өткізу қаржы қызметтеріне жатады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығында және (немесе) екінші деңгейлі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ашылған металл шоттар арқылы өткізу кезінде  ҚҚС-тан босатылған айналым болып табылады (Салық кодексінің 250-бабының 2-тармағы 15-тармақшасы). Сонымен қатар, инвестициялық алтын ҚҚС-тан босатылған импортталатын тауарлар тізіміне енгізілген (Салық кодексінің 255-бабының 1-тармағы 11,12-тармақшасы). Бұл тармақшалардың ережелері инвестициялық алтынды ҚР Ұлттық банкі шығарған құймалар, пластиналар, алтын монеталар формасында өткізілген жағдайда қолданылады (Салық кодексінің 248-бабының 16-1-тармағы және 255-бабының 11-тармақшасы). Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуге шектелген мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталатын уәкілетті заңды тұлғасы арқылы өткізуге жатқызылады (Салық кодексінің 12-бабы 41-1-тармақшасымен енгізілген). Билік етуі шектелген мүлікті өткізудің тәртібін жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Салық төлеушінің (салық агентінің) иелік етуге шектелген мүлікті салық берешегінің есебінен өткізуі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органтәртібі арқылы белгіленеді(Салық кодексінің 618-бабы). Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуге шектелген мүлкіне өндіріп алу туралы үндеу жөніндегі қаулы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2008 жылдың 30 желтоқсанындағы № 637 бұйрығыменекі данамен жасалады. оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті заңды органға жіберіледі (Салық кодексінің 617-бабы). Салық есебі барлық салық төлеушілер арқылы, соның ішінде, патент негізінде арнайы салық режимін ұстанатын жеке кәсіпкерлер арқылы жүргізіледі. Салық төлеуші (салық агенті) өз бетінше және (немесе) бірлескен қызмет туралы шарт қатысушыларының жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі арқылы салық есебін ұйымдастырады, салық тіркеулері  түрінде салық мақсаттарында ақпаратты жалпыландыру және жүйелендіру формаларын анықтайды (Салық кодексінің 56-бабы 3-тармағы). Салық кодексін енгізу туралы 4–6 және 16-баптары алып тасталған. Осылайша, КТС мен төлем көзіне салынатын КТС, ҚР резиденті емес тұлғадан төлем көзіне салынатын салық бойынша мөлшерлемелердің азаюы көзделмейді. Бұл ретте әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджет табыстарының жетіспеушілігіне, сонд ...

Авторизуйтесь или купите полный доступ

вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос

Рубрика статей


–ейтинг@Mail.ru