Лизинг шарты бойынша өтелмеген берешекті есепке алу

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

  Лизинг компаниясы заңды тұлғаға  лизинг шарты бойынша негізгі қаражатты берді, алайда лизинг шартымен көзделген сома толық аударылмаған. Сот қаулысының негізінде соттың атқару құжаты алынған болатын. Алайда лизинг алушының мүлкі, ақшалай қаражаты, құнды қағаздары болмағандықтан, өндіріп алу бойынша барлық қолданған әрекеттер нәтижесіз болды. Лизинг компаниясының бухгалтері бұл жағдайды есепке алуда қалай көрсетеді?  «Қаржы лизинг туралы» ҚР-ның 2000 ж. 5 шілдедегі № 78-II Заңының 2-бабына, қаржы лизинг – бұл инвестициялық қызметінің түрі, мұнда лизинг беруші сатып алушыдан меншікке сатып алған және лизинг шартынан туындайтын лизинг затын лизинг алушыға белгілі бір төлем үшін және белгілі бір жағдайда уақытша иелік етуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалану үшін беруге міндеттенеді. Лизинг беруші – лизинг мәмілесінің қатысушысы, ол лизинг затын меншікке сатып алады және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен береді. Бір лизинг мәмілесінің шеңберінде лизинг беруші бір уақытта оның екінші қатысушысы ретінде болуға құқығы жоқ.  Лизинг алушы – лизинг мәмілесінің қатысушысы, ол лизинг шартының талаптарымен кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг затын қабылдайды. Сатушы – лизинг мәмілесінің қатысушысы, одан лизинг алушы сатып алу-сату шарты немесе лизинг шарты негізінде лизинг затын сатып алады. Сатушы бір уақытта лизинг затының лизинг алушы ретінде (қайтарылған лизинг)  бола алады. Лизинг операцияларын бухгалтерлік есепке алу ҚЕХС (IAS) 17 «Жалға беруге» сәйкес жүзеге асырылады. Қаржылық жалға беру – бұл заңды құқық меншігіне қарамастан, активтермен байланысты барлық дерлік қауіптер мен пайдаларды беруді көздейтін жалға беру. Қаржылық жалға беру (лизинг) шартын жасау кезінде жалға алушының бухгалтерлік теңгерімінде жалға алынатын мүлік актив ретінде, ал төленуге тиіс жалға алу төлемдері – жалға берушінің алдында жалға алу басталғандағы активтің әділ құнына немесе, егер ол төмен болса, ең аз жалға алу төлемдерінің дисконтталған құнына тең мөлшердегі міндеттеме ретінде есепке алынады. Дисконттау жүктелген (жалға беру шартында көзделген) ставка бойынша, ал егер оны белгілеу мүмкін болмаса – дисконттаудың есеп айырысу ставкасы бойынша жүргізіледі. «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (ары қарай – СК) 78-бабына сәйкес, ҚР заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті үш жылдан асатын мерзімге беру қаржы лизингісі болып табылады, егер ол мынадай талаптардың біріне жауап беретін болса: –  лизинг алушы меншігіне мүлікті беру және (немесе) лизинг алушыға белгіленген бағамен мүлік сатып алу құқығын ұсыну лизинг шартымен белгіленген; –  қаржы лизингтің мерзімі қаржы лизингісі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімі 75%-нан асады; –  лизинг төлемдерінің қаржы лизингі бүкіл мерзім ішіндегі ағымдағы құны (дисконтталған) қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнынаң 90% асады. Лизинг затын екінші реттік лизингке ұсыну да қаржы лизингі болып табылады. Салықтық есеп беру мақсатында мұндай беру лизинг алушыға мүлкін сатып алу болып есептелінеді. Бұл ретте лизинг алушы лизинг затының иегері ретінде, ал лизинг төлемдері – лизинг алушыға ұсынылған кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады. СК 133-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, салық төлеушінің НҚ, жыл­жымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасына салық салынатын табысын азайту құқығы бар.  СК 12-бабының 1-тармағының 39-тармақшасы қаржы лизингі бойынша сыйақы ретінде мүлікті қаржы лизингке беруге байланысты барлық төлемдер танылады, мұндай мүлік алынған (берілген) құнды, лизинг алушы ...

Авторизуйтесь или купите полный доступ

вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос

Рубрика статей


–ейтинг@Mail.ru