Рeзeрвтeрді, шартты міндeттeмeлeрді жәнe шартты активтeрді eсeпкe алу (01.04.2015)

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F
 
Резервтерді, шартты міндеттемелерді және шартты активтерді есепке алу ҚЕХС (IAS) 37 «Резервтер, шартты міндеттемелермен және шартты активтермен» реттеледі. ҚЕХС (IAS) 37-ге енгізілетін негізгі түсініктерді қарастырамыз.

Резерв – бұл белгісіз мөлшерлі немесе белгісіз өтеу мерзімі бар міндеттеме.

Міндеттеме – бұл кәсіпорынның өткен оқиғалардан туындайтын қазіргі міндеттемесі, оларды реттеу экономикалық пайданы қамтитын резервтің сыртқа шығуына әкеп соғатыны күтілуде.

Қазіргі (ағымдағы) міндеттеме компанияның өткен оқиғалар салдарынан міндеттемені өтеуге нақты баламасы жоқ болған жағдайда болады, бұл экономикалық пайданы қамтитын резервтердің шығуына әкеп соғады («міндеттеме жүктейтін оқиға»).

Міндеттеме жүктейтін оқиға – бұл заңды немесе қалыптасқан практикадан туындайтын міндеттеме тудыратын оқиға, оның нәтижесінде кәсіпорынның бұл жағдайды реттеу­ге нақты баламасы жоқ.

Заңды міндеттеме – шарттан, заңнамадан, құқық нормаларының өзге әрекеттерінен (мысалы, сот шешімінен) туындайтын міндеттеме.

Қалыптасқан практикадан туындайтын міндеттеме – мынадай жағдайларда кәсіпорынның әрекет ету нәтижесінде пайда болатын міндеттемесі:

–  қалыптасқан практика, жарияланған саясат немесе жеткілікті нақты ағымдағы өтініш арқылы кәсіпорын өзіне белгілі бір міндеттерді жүктейтінін басқа тараптарға көрсетті;

–  кәсіпорын өзіне жүктеген міндеттерді орындайды деген басқа тараптардың негізделген күтулерін тудырды.

Ресурсты тану, бағалау және есепке алу

Ресурс есепке алуда танылуы үшін мынадай критерийлерді сақтау керек:

–  кәсіпорынның қандай да бір өткен оқиға нәтижесінде пайда болған қазіргі (ағымдағы) міндеттемесі (заңды немесе қалыптасқан практикадан туындайтын);

–  міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық пайдаларды қамтитын ресурстардың сыртқа шығуын қажет етілетіні анық деп болжанады;

–  міндеттеме мөлшерінің сенімді есептік бағалануын келтіру ықтимал.

Ресурс мысалдары:

–  кәсіпорынның қайта құрылымдалуы;

–  кепілдік міндеттемелері;

–  кәсіпорын қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;

–  пайдаланудан негізгі құралды (ары қарай – НҚ) шығару бойынша міндеттемелер;

–  ауыртпалық салу шарты және басқалары.

Сату кезінде өндіруші өнімді сатып алушыларға кепілдік ұсынады. Шарт талаптары бойынша өндіруші сату кезінен бастап үш жыл ішінде анықталған кез келген өндірістік ақауларды түзетуге міндеттенеді: жөндеу жүргізу немесе ақшасын қайтарып беру. Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша кәсіпорын сатып алушылардан шағым күтуде. Ресурсты тану керек пе?

Бұл жағдайда ресурсты тану үшін қажетті критерийлер сақталады:

– кепілдігі бар өнімді сатумен байланысты ағымдағы заңды міндеттеменің болуы;

– өтеу ықтималдығы – осы кластың барлық кепілдіктері үшін бар.

Осының негізінде, ресурсты тану керек деген қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынға қатысты зиянның орнын толтыру туралы іс қозғалды, алайда, бұл ретте, кәсіпорын болған оқиғада өзінің кінәсін мойындамайды. 31.12.2009 ж. аяқталған кезең үшін қаржы есептілігін бекіткенге дейін кәсіпорынның заңгерлері кәсіпорын кінәсіз танылады деп болжады. Алайда 31.12.2010 ж. аяқталған кезең үшін есептілікті дайындау кезінде, сот тексерісінің барысын назарға ала отырып, олар пікірлерін өзгертті де, қазір кәсіпорынды жауапты деп, тану мүмкін деп есептейді. Бұл жағдайда ресурс таныла ма?

31.12.2009 ж. шартты міндеттемені ашу керек, өйткені қаржы есептілігін бекіту сәтіндегі деректерді негізге ала отырып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде міндеттеме жоқ.

31.12.2010 ж. ағымдағы міндеттемені өтеу үшін қажетті соманы оңтайлы бағалау мөлшерінде де ресурсты тану керек, өйткені мынадай критерийлер сақталады:

– заңгерлердің пікірі және қолда бар айғақтардың негізінде ағымдағы міндеттеме бар;

– ағымдағы міндеттемені өтеу ықтималдығы да бар.

Егер кәсіпорын қандай да бір шығыстарды болдырмау мүмкіндігін өзіне қалдырса, міндеттеме пайда болмайды және танылмайды, мысалы:

–  кәсіпорынның қоршаған ортаны ластау фактісі (тіпті ластау оның әрекеті салдарынан болса да), кәсіпорын оның салдарын жоймауы да мүмкін болғандықтан, өзінен өзі міндеттеменің пайда болуына әкеп соқпайды;

–  есептілікте ресурсты тану үшін басшының шешімі ғана жеткіліксіз, өйткені басшылық болашақта бұл шешімді қайта қарауы мүмкін;

–  егер кәсіпорынға болашақ шығыстарды жүктеуді міндеттейтін шешім қабылданса, кәсіпорында бұл шешімді орындаудың нақты баламасы болғанынша, ресурс есептілікте танылмайды.

Ресурс мөлшерін есептеу үшін әртүрлі бағалау әдістері пайдаланылуы мүмкін. Барлық мүмкін болатын нәтижелер және оған байланысты ықтималдықтарды анықтауға болады деген шартпен, резервтің ең үздік бағалануы мыналар болып танылады:

–  неғұрлым ықтимал нәтиже. Бұл әдіс кезінде міндеттеменің неғұрлым ықтималды мөлшері ең үздік бағалау болып танылады. Алайда бұл әдістің өз кемшіліктері бар. Мысалы, егер міндеттеме нөлге тең болатын кездегі нәтиже ең көп ықтималдыққа ие болса, бірақ жоғары ықтималдығы бар басқа нәтижелер де бар болса, мұндай әдісті пайдалану резерв мөлшерінің ақталмаған төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Болашақта экономикалық пайданың жеткілікті түрдегі жоғары сыртқа шығу ықтималдығы кезінде резеревтер теңгерімде көрсетілмейтін болады;

–  ықтимал нәтиженің ең жоғары мөлшері. Міндетте көлемі ең жоғары болатын салыстырмалы түрдегі төмен нәтиже ықтималдығына байланысты резервтерді шамадан тыс есептеу мүмкіндігі осы әдістің кемшілігі болып табылады;

–  таңдаудан алынатын ең төмен мөлшер. Бұл әдісті кеңінен қолдану резервтер мөлшерін бағалаудағы үлкен айырмашылықтарға әкелуі мүмкін;

–  күтілетін мән. Бұл әдісті пайдалану кезінде барлық мүмкін болатын нәтижелер ескеріледі. Бұл әдіс біртекті талаптардың жеткілікті түрдегі көп санын бағалау үшін ең қолайлы.

Резервті бағалаудың нақты әдісі жағдайларға байланысты таңдап алынады. Біртекті міндеттемелердің көп санымен қалыптасатын резервті бағалау кезінде, әдетте, ең үздік бағалау күтілетін мән болып танылады. Күтілетін мән әдісі атап айтқанда тауарларға байланысты стандартты кепілдіктер бойынша міндеттемелердің мөлшерін бағалау үшін пайдаланылады. Осымен қатар жекелеген мәні бар міндеттемелерді бағалау кезінде көптеген жағдайларда басқа әдістерді пайдаланған орынды болады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылатын резервтерді бағалау кезінде уақыт бойынша ақша құнының өзгеруін назарға алу керек, және, егер есептілікке арналған мұндай дисконттаудың әсері маңызды болып табылса, міндеттемені дисконттау керек. Бұл ретте, есептелген резервтің мөлшері міндеттемені орындауға байланысты төлемдердің келтірілген құнына тең болып танылады.

Әдетте, уақыт бойынша ақша құнының өзгеру әсері міндеттеме есеп беру күнінен кейін бірнеше жылдан соң өтелген жағдайларда, маңызды болып табылады (мысалы, ұңғыманы пайдалану мерзімі аяқталған соң мұнай мұнараларын және өзге жабдықты бөлшектеу бойынша міндеттеме). Егер міндеттеме қысқа мерзімді және есеп беру күнінен кейін бір жыл ішінде өтелетін болып табылса, онда мұндай міндеттеме үшін уақыт бойынша ақша құнының өзгеру әсері, әдетте, маңызды болып табылмайды. Мұндай жағдайда осындай міндеттемелерді орындауға байланысты болашақ ақша төлемдерін дисконттаудың керегі жоқ.

Кәсіпорын тауарларды кепілдікпен сатады, ол бойынша сатып алушыларға сатып алынғаннан кейін 12 ай ішінде анықталған кез келген өнідірстік ақаулықты жоюға арналған шығындар өтеледі. Егер әрбір сатылған бұйымда кішігірім ақаулықтар байқалса, оларды жоюға арналған шығындар 200 000 теңгені құрайтын еді, ал әрбір сатылған бұйымда жөндеуге арналған ірі ақаулықтар байқалған кезде, 500 000 тг жұмсау қажет болатын еді. Компанияның бұрынғы тәжірибесі және болашаққа арналған болжамы алдағы жылы былай болатынын көрсетеді:

– сатылған бұйымдардың 65%-ның ешқандай ақаулықтары болмайды;

– сатылған бұйымдардың 15%-ның кішігірім ақаулықтары болады;

– сатылған бұйымдардың 3%-ның ірі ақаулықтары болады.

Қаржы есептілігінде қалыптасуға тиіс кепілдіктер бойынша міндеттемелерді жабуға арналған резерв сомасын есептейміз.

Жөндеуге арналған шығындардың күтілетін құны мынаны құрайды:

(65% × 0) + (15% × 200 000) + (3% × 500 000) = 0 + 30 000 + 15 000 = 45 000 тг.

Кәсіпорын ұсынылған кепілдіктерге байланысты пайда болуы мүмкін барлық міндеттемелерді жабуға арналған шығындар ықтималдығын бағалауға тиіс.

НҚ жекелеген объектілері оларды пайдаланудан шығару және қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша елеулі шығындарды талап етеді (мысалы, мұнай өндіру аяқталған соң мұнай бұрғылау қондырғысын бөлшектеуге және теңіз түбін қалпына келтіруге арналған шығындар немесе атом электр станцияларын пайдаланудан шығару және пайдаланылған ядролық отынды көму бойынша шығындар). Нақты түрд">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос
Рубрика статей

–ейтинг@Mail.ru