Инвестициялау мақсатында кәсіпорынға талдау жасау

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Құнды қағаздар нарығында (ары қарай – ҚҚН) инвестициялау объектілерін талдау әдістерін қарастыру кезінде, әдетте құнды қағаздарды (ары қарай – ҚҚ) таңдауға техникалық және іргелі көзқарас бөлінеді.

 

Техникалық көзқарас кезінде ҚҚ-ны таңдау биржалық статистика нәтижелеріне негізделеді. Бұл жағдайда талдау объектісі сол немесе өзге акцияларға арналған сұраныстағы және ұсыныстағы өзгерістер, акция бағамдарының қозғалысындағы жалпы үрдістер, әртүрлі факторлардың ҚҚ-ның жай-күйіне әсер етуін болжамдық бағалау туралы мәліметтер болып табылады.

 

Іргелі көзқарас кезінде кәсіпорынды талдау жеке салалар мен компаниялардың қызметін зерделеуді, компанияның қаржылық жағдайын талдауды, менеджмент пен бәсекеге қабілеттілікті көздейді. Мұндай талдау сандық та, сапалық та салыстырулардың жүргізілуін қамтиды. Сандық талдау салыстырмалы көрсеткіштердің түрлі тектерін есептеуге, оларды ұқсас компаниялардың тиісті көрсеткіштерімен және жалпы салалық дерек­терімен салыстыруға негізделеді. Сапалық талдау жалпы алғанда компанияны басқару тиімділігінің бағалануын жүргізуді болжайды.

Кәсіпорынды зерделеу тереңдігі мен нақтылау дәрежесі негізінен мынадай факторларға байланысты болады:

–  инвестицияланатын қаражат және олардың берілуінен күтілетін нәтиже мөлшері;

–  инвестициялау объектілері туралы ақпараттың толықтығы және шынайылық дәрежесі;

–  инвестициялау объектісін талдауға және шешім қабылдауға рұқсат етілген уақыт.

Кәсіпорынды зерделеу оның жай-күйі және даму жоспарлары туралы шынайы ақпараттың болуын көздейді, оның үстіне ақпарат неғұрлым толық берілген сайын, талдау нәтижелері де соғұрлым негізделген болып табылады. Мұндай ақпараттың негізгі көздері ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:

–  арнайы басылымдар мен анықтағыштарда жарияланатын кәсіпорын туралы мәліметтер;

–  кәсіпорындардың өздері жариялайтын мәліметтер: кәсіпорын қызметі туралы жылдық есеп берулер, теңгерімдік есеп берулер, фирманың проспектілері, көрмелік және жәрмеңкелік каталогтар және т. б.;

–  мамандандырылған ұйымдар және консультанттар орындаған аналитикалық шолулар мен зерттеу нәтижелері;

–  өзге ақпарат көздері (ұйымдастырылған ҚҚН-дағы кәсіпорындар туралы мәліметтер (қор биржаларының листингтері, ҚҚ эмиссиясының проспектілері)).

Зерделенетін кәсіпорындар туралы мәліметтерді жүйелендіру мақсатында оларды деректер базасында немесе арнайы картотекада жинақтаған және сақтаған орынды.

 

Кәсіпорынды алдын ала бағалау және іріктеу

Талдаудың осы сатысының негізгі мақсаты инвесторды қызықтыратын салада жұмыс істейтін кәсіпорынды әрі қарай неғұрлым терең зерделеу үшін таңдап алу болып табылады. Мұндай таңдап алудың мақсатқа сай болуы, біріншіден, зерделенетін саланың кәсіпорын санына және, екіншіден, осы кәсіпорындардың қаржы жағдайын және оларды дамытудың болашағында әрі қарай талдау үшін шынайы ақпарат алу мүмкіндігіне байланысты болады.

Бұл сатыда іріктеу критерийі ретінде мына сияқты көрсеткіштер бола алады:

–  қор нарығындағы ҚҚ эмитентінің жай-күйі: кәсіпорын акцияларына табыс, кәсіпорын акцияларының нарықтық бағамы және т. б.;

–  кәсіпорынның саладағы жай-күйі (қазіргі нарықта): сату (табыс) және пайда көлемдері, нарықтық үлес және т. б. 

Алдын ала талдау жүргізу үшін үлгілік құрамы төменгі кестеде келтірілген эмитент туралы жалпы мәліметтерді осыдан пайдалануы мүмкін.

 

Кесте

Көрсеткіштер тобы

 

Көрсеткіштер құрамы

 

Негізгі мәліметтер

Эмитенттің толық және қысқартылған атауы.

Заңды және пошта мекенжайы,  телефакс, телефон.

Ұйымдық-құқықтық нысаны. Эмитентті басқару органдары,

кәсіпорынның негізгі әкімшілері және басқарушылары

туралы мәліметтер. Құрылтайшылар, негізгі акционерлер.

Жалпы сипаттамасы

Кәсіпорын капиталының мөлшері, соның ішінде акционерлік

мөлшері. Жылдық айналым (сату көлемдері, табыстар).

Кәсіпорында жұмыс істейтін тұлғалар саны.

Кәсіпорын кіретін бірлестіктер және олардағы ережелер.

Қызмет мәні (іскери белсенділік саласы)

Кәсіпорын табысының құрылымындағы қызмет бағыттары.

Негізгі тауарлар немесе олардың топтары бойынша өнім

(көрсетілетін қызмет) номенклатурасы. Кәсіпорынның ішкі

нарықтағы жай-күйі (сату көлемдері, нарықтағы және/немесе

оның бөлігіндегі үлес). Кәсіпорынның маңызды шығарылатын

тауарлар бойынша, сертификаты бар өнімді көрсету арқылы,

әлемдік нарықтағы кәсіпорынның жай-күйі.

Сыртқы экономикалық қызмет

Кәсіпорынның жарғылық қорындағы шетел валютасының

үлесі. Кәсіпорын қызметіндегі экспорт-импорт көлемі.

Сыртқы экономикалық байланыстардың өңірлік бағыттылығы.

Өндірістік-өткізу базасы

Өндірістік объектілердің орналасқан жері, өндірістік

қуаттылықтардың сипаттамасы, кәсіпорынның өндірістік

аудандары. Өткізу объектілерінің, қоймаларының,

ТҚС және т. б. орналасқан жері және сипаттамасы.

Негізгі бәсекелестер

Өнімнің негізгі түрлері және нарықтар бойынша бәсекелес-

кәсіпорындардың атаулары. Бәсекеге қабілетті кәсіпорынның

және шығаратын өнімнің сипаттамасы.

Кәсіпорынның эмитент ретіндегі сипаттамасы

Эмитенттің ҚҚ туралы жалпы деректер: ҚҚ түрлері, нақтылы

құнмен ҚҚ жалпы шығару құны, акциялар, басқа ҚҚ саны,

ҚҚ номиналы. Эмиссия мерзімдері және тарату шарттары.

ҚҚ нарықтық бағасы. ҚҚ бойынша табыс алу туралы деректер.

 

 

Кәсіпорынды алдын ала іріктеу барысында олардың жарғылық құжаттарын да талдаған орынды.

Егер мұндай талдау оң нәтижелерге берсе, онда компанияның өзінің өміршеңдігі туралы мәселені және инвестордың компания акцияларына жасалған салымдары ұшырайтын қауіптің бағалануын қарастыру керек. Бұл үшін компанияның теңгерімдерін және есеп берулерін мұқият зерделеу қажет.  

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, сенімділігін және осы объектіні инвестициялаудың пайдалылығын, бағалау қаржылық талдау жүргізудің мақсаты болып табылады. Ақпараттың тиісті көзі бухгалтерлік есептілік болуы мүмкін, атап айтқанда:

–  бухгалтерлік теңгерім;

–  пайдалар мен зияндар туралы есеп беру (кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері туралы есеп беру);

–  есеп беруге қосымшалар және түсіндірме жазбалар.

Бухгалтерлік есептілік деректері бойынша мыналар талдануы мүмкін:

–  негізгі және айналым қаражатының жағдайы, олардың мөлшерін өзгерту себептері;

–  кредиттермен қамтамасыз етушілік және оларды пайдалану тиімділігі;

–  қорлар мен резервтерді қалыптастыру;

–  кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, дебиторлық және кредиторлық берешек құрамы және қарқыны;

–  пайда мен зиянның мөлшері және сипаты, қаржы жай-күйінің тұрақтылығы.

Бухгалтерлік есептілік ең алдымен оның қол жетімділігіне байланысты қаржы жағдайын талдау үшін пайдаланылады: бухгалтерлік есептіліктің деректері коммерциялық құпия болып табылмайды. Бухгалтерлік есептілікті пайдалану арқылы мынадай жағдайлар болады:

–  ұсынылатын ақпараттың шынайылығы (қаржылық талдау үшін бұрмаланған ақпаратты пайдалануға байланысты қауіпті төмендету мақсатында фирма қызметінің тәуелсіз сараптамасының (аудит) алдын ала жүргізілуін ұсынуға болады);

–  есептілікті құрастыру күніне кәсіпорынның нақты жағдайын көрсету (инвесторды көп дәрежеде дамытудың болашағын қызықтыруға тиіс болған кезде).

Осы жағдайды ескере отырып, фирманың қаржы жағдайын талдаудың мынадай амалдарын ұсынуға болады:

–  бухгалтерлік есептілікті «оқу» және абсолютті мөлшерлерді талдау;

–  бірнеше жылдар қарқынындағы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерді салыстыру;

–  өзара байланысты көрсеткіштер жүйесін пайдалану арқылы кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау.

 

Бұл ретте әдістемелік базаның болуы, салыстыру жүргізу мүмкіндігі, ақпараттың орынды жеткілікті болуы талап етіледі. Есеп беру теңгерімі (теңгерім-брутто) шаруашылық құралдарының нақты болуын көрсетпейді және талдау үшін қолайсыз, өйткені:

–  оның сомасына аударылған қаражаттар қосылады (пайданы пайдалану);

–  НҚ және саны аз, және тез тозатын заттар теңгерімде бастапқы құны бойынша көрсетіледі, сонымен қатар олардың кәсіпорын үшін пайдалылығы тозу сомасын ескере отырып анықтайды;

–  көтерме және бөлшек саудаға арналған тауарлар теңгерім активінде сату бағасы бойынша көрсетіледі және олардың құны бірден екі баппен реттеледі: тауарлардың (активтердің) қалдығына жүгіну шығындары және сатылмаған тауарлар (пассив) бойынша саудалық үстеме баға.

Сондықтан талдау мақсаты үшін теңгерім неттоны пайдаланған орынды. 

Талдаудың аталған амалдарының біріншісі – бухгалтерлік есептілікті «оқу» – теңгерімнің, қаражаттың жекелеген бөлімдері мен баптарын орналастырудың және кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеті дәрежесінің қорытындысының өзгеру сипатын анықтауды болжайды. Теңгерімнің оқылуын, әдетте, талданатын уақыт кезеңі ішіндегі теңгерім валютасының мөлшерін белгілеуден бастайды. Теңгерім қорытындысын ұлғайту оң, азайту – теріс бағаланады.

 

Бұдан кейін теңгерімді өзгерту қарқынының өндіріс көлемінің өзгеру және өнімді сату, кәсіпорын пайдасының қарқынына сәйкестігі тексеріледі. Теңгерім сомасының өсу қарқынымен салыстырғанда, өндіріс, сату және пайда көлемін ұлғайтудың неғұрлым тез қарқындары қаражаттың пайдаланылуының жақсаруына куә.

Жекелеген баптар мен теңгерім бөлімдерінің өзгеру сипаты да анықталады. Мыналар оң бағаланады:

–  теңгерімі активіндегі ақшалай қаражат қалдықтарының, құнды қағаздардың, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы салымдарының, НҚ-ның, материалдық емес активтердің, өндірістік қорлардың артуы;

–  теңгерім пассивіндегі бірінші бөлімнің, әсіресе, пайда сомаларының, арнайы қорлардың және мақсатқа сай қаржыландыру қорытындыларының артуы.

Дебиторлық және кредиторлық берешектің өсуі, «Зияндар», «Қорлар мен мақсатқа сай қаржыландыру қаражаттарымен жабылмаған шығыстар», «Мерзімінде өтелмеген несиелер» сияқты баптар бойынша қалдықтардың болуы мен артуы теріс бағалауға лайық. «Қорлар мен мақсатқа сай қаржыландыру қаражаттарымен жабылмаған шығыстар» бабы бойынша сомалардың бар болуы қаржы-сметалық тәртіптің бұзылуына куә болады. «Мерзімінде өтелмеген несиелер» бабы бойынша қалдықтар кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілетін сипаттайды.  

 

Кәсіпорынның қаржы жағдайының өзгеру қарқының бағалау үшін кәсіпорынның бірнеше жыл ішіндегі абсолютті және салыстырмалы теңгерім көрсеткіштерін салыстыруға негізделген салыстырмалы талдауды жүргізу ұсынылады. Мұндай талдау кәсіпорынның дамуындағы маңызды үрдістерді бағалау және сол арқылы оның қаржы жағдайын болжауға мүмкіндік береді.

Өзара байланысты көрсеткіштер жүйесін пайдалануға негізделген талдау тәсілі қызығушылық тудырады, олардың әрқайсысының белгілі бір мағыналық жүктемесі бар және фирма қызметінің жекелеген аспектілерін сипаттайды.

Инвестициялау объектісі ретіндегі кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың қарастырылатын мақсаттары үшін екі бағытта талдау жүргізу қажет:

–  кәсіпорынның төлем қабілетін бағалау;

–  кәсіпорынның пайдалығы мен тиімділігін бағалау.

 

Төлем қабілетін бағалау фирмаға ұзақ мерзімді салымдары бар кредит берушілер мен инвесторлардың қорғаушылық дәрежесін бағалауға арналған өтімділіктің талдануын және капитал құрылымын талдауды көздейді.

Өтімділікті талдау үшін әдетте өзінің ағымдағы міндеттемелерін жабу үшін кәсіпорынның қаржы және материалдық қорларын тартудың түрлі дәрежесін сипаттайтын бірқатар бағалау көрсеткіштерін пайдаланады.

Жалпы өтімділік коэффициенті (Ko.) фирмада алдағы жылы қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған қаражат жеткілікті болатындығын көрсетеді, яғни фирманың өз кредит берушілермен есеп айырысу қабілетін сипаттайды.

 

Ко. көрсеткіші мынадай формула бойынша есептелінеді:

 

Ko. = CА / CL,

мұнда      CA    –       кәсіпорынның ағымдағы активтері;

          CL –  ағымдағы міндеттемелер.

Ko. көрсеткішінің мәні 1-ден 2, 3-ке дейінгі шекте болуға тиіс деп есептелінеді.

 

Төменгі шекара ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуға тиіс екендігін көрсетеді, әйтпесе, фирма төлемге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.   Көрсеткіштің жоғарғы шекарасы көптеген факторларға байланысты: салалар, есеп айырысу нысандары, айналым (ағымдағы) активтерінің құрылымы.

Өтімділікті неғұрлым егжей-тегжейлі талдау үшін ағымдағы активтерді екі бөлікке бөледі:

–  материалдық-өндірістік қорлар (INV), активтің ең төмен өтімділік бөлігі ретінде;

–  ақшалай қаражат және өзге активтер (LA), активтің неғұрлым көп өтімділік бөлігі ретінде.

Мұндай бөлуді ескере отырып, мынаны аламыз:

 

Ко. = (LA + INV) / CL = (LA / CL) + (INV / CL) = Ka. + Kc.,

 

мұнда          Ka. = LA / CL         –       абсолютті өтімділік коэффициенті, ол қысқа мерзімді борыштық міндеттемелердің қандай үлесі ақшалай қаражаттың және нарықтық құнды қағаздар мен депозиттер түріндегі олардың баламалары есебінен жабылуы мүмкін екендігін көрсетеді;

          Kc. = INV / CL –      өтімділік коэффициенті, ол ағымдағы міндеттемелерді активтің ең төмен өтімділік бөлігі есебінен жабу дәрежесін көрсетеді.

 

Бұдан Ko. оңтайлы мәннен жоғары артуы үнемі  өтімділіктің жақсаруы дегенді білдірмейді.

 

Кез келген жағдайда көрсеткіштердің мәнін өзгерту себептері туралы қосымша мәліметтер талап етіледі.

 

 

МЫСАЛ

 

Кәсіпорынның ағымдағы активтері 500 млн теңгеге бағаланады, оның ішінде – 125 млн – бұл материалдық-техникалық қорлардың құны, ал 375 млн ағымдағы шоттарда және тез сатылатын ҚҚ-да болады. Ағымдағы міндеттемелер
250 млн тг құрайды.

 

Есептеу жүргіземіз: Ko. = Kc. + Ka. = 125 / 250 + 375 / 250 = 0,5 + 1,5 = 2.

Есептеуден жалпы өтімділік коэффициентінің жоғары мәніне мәні 1-ден асатын Ka. коэффициенті есебінен қол жеткізілетіндігі шығады. Бұл кәсіпорынның материалдық-техникалық қорларын осы мақсаттар үшін жұмылдыруға жүгінбей-ақ, ағымдағы міндеттемелерді өте тез жоюға кәсіпорынның қабілетті екендігін куәландырады.

Алайда, 1-ден асатын Ka. мәні уақытша бос ақшалай қаражатты ықтимал тиімсіз пайдалану туралы да куәландыруы мүмкін екенін де атап өткен жөн.

Жұмыс капиталы (WC) фирма өтімділігінің жанама көрсеткіші болып табылады. Оны анықтау үшін белгілеулер енгіземіз:

FA  –  НҚ;

Е    –  жеке капитал;

LL  –  ұзақ мерзімді міндеттемелер.

 

Онда:

FA + CA = Е + LL + CL

немесе

FA + (CA - CL) = Е + LL.

 

Әрі қарай мынадай белгілеулерді енгіземіз:

WC = CA - CL   – жұмыс капиталы;

NA = FA + WC – таза активтер.

Ko. = CА / CL болғандықтан, мынаны аламыз:

 

Ko. = 1 + (WC / CL).

 

Демек, WC мөлшері үлкен болған сайын, фирманың қаржы жай-күйі және оның төлем қабілеті тұрақты болады.

Кәсіпорынның ұзақ кезеңдегі төлем қабілетін бағалау үшін фирма капиталының құрылымына талдау жүргізу ұсынылады.

Бұл үшін мынадай бағалау көрсеткіштерін пайдалануға болады:

Kc. = Е / NA           –   кәсіпорынның оның таза активтер құрылымындағы жеке қаражатының үлесін бағалайтын меншік коэффициенті (қаржы тәуелсіздігі);

Kз.= LL / NA          –   кәсіпорынның таза активтерінің құрылымындағы заем қаражатының үлесін бағалайтын заем қаражатының коэффициенті. Бұл ретте:

Kз. = 1 - Kc.;

Kз.с. = LL / Е = Kз. / Kc.     –       заем және жеке қаражаттың арақатынас коэффициенті.

 

Kз. с. меншік 1 теңгеге қанша заем қаражаты келетінін көрсетеді. Кәсіпорын үшін Кз. с. ≤ 1 көрсеткішінің мәні қалыпты болады деп есептелінеді, өйткені олай болмаған жағдайда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерді жоюы үшін жеке қаражаты болмайды, ал кәсіпорынның сыртқы инвестициялануы инвестор үшін үлкен қауіппен қаттар жүретін болып шығады.

Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау – кәсіпорын активтерінің құрылымдық талдануын да көздейді.

 

Бұл үшін мынадай көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін:

К1 = FA / NA    –       кәсіпорын активтерінің құрылымындағы НҚ үлесін сипаттайтын және кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жанама бағалайтын коэффициент;

К2 = FA / Е  –   кәсіпорынның НҚ құнының жеке капиталға қатынасын сипаттайтын және кәсіпорын активтерінің ең төмен өтімділік бөлігінің құнын жеке капиталмен жабу дәрежесін бағалайтын коэффициент.

 

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың екінші бағыты оның тиімділігін, пайдалылығын бағалау болып табылады. Бұл мақсат үшін кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің түрлі аспектілерін талдауға мүмкіндік беретін бағалау көрсеткіштерінің кең гаммасы пайдаланылады. Тұрақты өсу моделі деп түзейтін логикалық ретке келтірілген көрсеткіштер жиынтығына негізделетін әдісті пайдаланамыз.

Кәсіпорынды бағалау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

 

1. Айналым тиімділігін бағалау (P):

 

P = PBIT / S = (S - C) / S = 1 - C / S = 1 - C / (PR × Q),

 

мұнда        PBIT      –       кәсіпорынның салықтар мен пайыздарды төлеуге дейінгі пайдасы;

          S      –  сату көлемі (сатудан түскен пайда);

          C      –  кәсіпорынның өндірістік-өткізу шығындары;

          Q      –  сату көлемі (дана);

          PR    –  өнім бағасы.

 

Айналым тиімділігі жалпы кәсіпорын бойынша да, өндірістік-коммерциялық қызметтің жекелеген бағыттары бойынша да анықтала алады. Жылдар бойынша және/немесе қызмет бағыттары бойынша P көрсеткішінің қарқыны кәсіпорынның азық-түлік және баға саясатын талдау, шығындарды басқарудың тиімділігі үшін маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді.

 

Атап айтқанда, тиімділік көрсеткіші Pgp = GP / S,

мұнда GP – кәсіпорынның жалпы пайдасы (өндірістік-өткізу шығындарын шегергендегі табыс), шығындарды төмендету саласында кәсіпорын саясатын талдауға мүмкіндік береді.

 

Тиімділік көрсеткіші Pnp = NP / S,

мұнда NP – таза пайда, заем қаражатын пайдалану және салық шығындарын басқару тиімділігін сипаттайды.

Бірнеше жыл ішіндегі қарқындағы жоғарыда енгізілген көрсеткіштерді салыстыру кәсіпорын айналымы тиімділігінің жақсару немесе нашарлау себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

2. Кәсіпорын қаражатының айналымдылығы іскери белсенділік коэффициентімен (А) бағаланады, ол мынадай формуламен есептелінеді:

 

A = S / NA,

 

мұнда  NA  –  кәсіпорынның таза активтері.

Бұл көрсеткіш айналымдылықты, яғни қаражаттың ақшалай нысанға ауысу жылдамдығын сипаттайды және кәсіпорынның қолда бар ресурстарды, оларды тарту көздеріне қарамастан, пайдалану тиімділігін бағалауына мүмкіндік береді.

 

3. Кәсіпорынның табыстылық дәрежесі таза активтердің кешенді тиімділік көрсеткіші арқылы бағаланады (RONA):

 

RONA = P × A = PBIT / NA.

 

Бұл көрсеткіш кәсіпорын алатын пайданың кәсіпорын мүлкінің құнын толық жабатын уақыт кезеңі туралы айтуға мүмкіндік береді.

 

4. Модельдегі жеке капиталдың тиімділік көрсеткішін есептеу үшін бірқатар қосымша коэффициенттер енгізілген. Атап айтқанда:

 

LЕV = 1 - B / Е – заем қаражаты (B) мен жеке капитал (Е) арақатынасын сипаттайтын қаржы тапшылығының коэффициенті;

IT = (1 - T / 100) × (1 - I / PBIT) – салық және пайыз шығындарының коэффициенті,

 

мұнда I – кредит үшін пайыздар бойынша абсолютті төлем мөлшері; T – салық түрінде төленетін пайда пайызы.

Бұл коэффициенттерді ескере отырып, жеке капитал тиімділігі мынадай формуламен есептелінеді:

 

ROЕ = P × A × LЕV × IT = NP / Е.

 

Кәсіпорынның қаржы жай-күйін бағалаудың қарастырған әдістері қажетті болып табылады, бірақ инвестициялау туралы шешімдер қабылдау үшін жеткіліксіз болады. Қаржылық талдаудың алынған нәтижелерін нарықтағы осы кәсіпорынның ҚҚ жағдайы туралы деректермен салыстырмалы бағалау белгілі бір қызығуды білдіреді.

Авторизуйтесь или купите полный доступ

вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос

Рубрика статей


–ейтинг@Mail.ru