+7 (727) 346-83-53 Алматы
+7 (7172) 36-64-64 Астана
Рубрика статей

Бухгалтерлік есептегі негізгі құралдардың бөліктерін жою және сату
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F
Бір неше уақыт өткенде ұйымның негізгі құралдар бөлігін жою және сату қажеттілігі болатын да кез келеді. Негізгі құралдардың (ары қарай НҚ) объектісі бухгалтерлік баланс субъектісінен төмендегілердің нәтижесінен шығарылады:
–физикалық немесе моралдік тозу;
–шаруашылықта қолданылмайтын объектілерді іске асыру;
–НҚ басқа субъектілеріне өткізу.
 
Осылай активтерді қабылдауын тоқтату, оның есептен шығу кезінде немесе есептен шыққан кездегі экономикалық табыстар түсімі күтілмеген жағдайда тану қажет.
Активтерді сату және тегін тарату жолымен есептен шығарған жағдайда оның есептен шығару мерзімін немесе датасын (ҚЕХС (ІАS) 5 «Сатылымға арналған және тоқтатылған іс, ұзақ мерзімді активтер», ҚЕХС (ІАS) 17 «Жалдау», ҚЕХС (ІАS) 18 «Түсім» қажетті стандарттардың талаптарына сәйкес орнату керек.
Активтерді есептен шығарудағы шығын мен түсім баланстық құн мен таза қаржы түсімі арасындағы айырмашылық сияқты анықталады. Активтерді қабылдауын тоқтату жайында жасалған операция нәтижесі кіріс және шығыс жағдайында есеп беру кезінде көрсетіледі.
Бұдан туындайтын сұрақ: НҚ бөліктерін жоюды немесе іске асыруды бухгалтерлік есепте қалай көрсетеміз?
Оның күрделігі бухгалтерлік есепте НҚ жеке инвентарлық объектісі ретінде қарастырылады. Сондықтан негізгі мәселе есептен шығып жатқан объекті бөлшегінің құнын анықтау болып табылады. Бұл жағдайды мысалдармен қарастырып көрейік.
Бөлшектеп жоюдан бастайық.
 
«З» ұйымның меншігінде 500 шаршы метрлік көлемді ғимараты бар. Ол 2005 жылдың тамыз айында эксплуатацияға енді. Ғимараттың бастапқы құны 20 000 000 тг, ал пайдалы қолдану мерзімі – 32 жыл (384 ай). Ай сайын амортизацияға 52 083,33 теңге төленеді. 2011 жылдың сәуір айында әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын бұзып алуын ұйғарды. Қосымша құрылысты бұзып алуы үшін арнайы техникасы бар мердігерлер «К» ЖШС жалданды. Аталған компанияға шотқа сәйкес 1 000 000 тг есептеліп аударылды. «З» ЖШС өз тарапынан жою жұмыстарына басқарушы ретінде ешбір салықсыз 200 000 теңгелік жалақымен аға инженер И. Иванованы тағайындады. Жалақыдан әлеуметтік салық пен міндетті әлеуметтік сақтандыру 24 444,44 тг құрады. Қосымша құрылысты жойғаннан кейін қолдануға жарамды қалдықтар 150 000 тг сомасына шықты. Жою жұмысы 1 айға созылды.
Ғимараттың жойылған бөлігіне объектінің бастапқы құнын азайту қажет. Бұл ереже бухгалтерлік есепке де салық есебіне де қатысты. Сондай-ақ ғимараттың қираған бөлшегінің эксплуатация уақытына есептелген амортизацияны есептен шығару қажет.
Біріншіден жойылып жатқан объектінің бастапқы құнын анықтау керек. Ол үшін қосымша құрылым мен толық ғамараттың алаңының арақатынасын алайық. Сонымен, ғимараттың бұзылынған бөлігінің бастапқы құны келесіге тең:
(20 000 000 тг / 500 м2 ) ´20 м2 = 800 000 тг.
2005 жылдың тамыз айы мен 2011 жылдың сәуір айына дейінгі кезеңде ғимараттың есептелген амортизациясы осындай:
52 083,33 тг ´68 ай = 3 541 666,44 тг.
Бұзылып тасталған қосымша құрылым амортизациясы:
(3 541 666,44 тг / 500 м2) ´20 м2 = 141 666,66 тг.
Бұл операцияларды бухгалтер келесі жазбалар арқылы көрсете алады (1-кесте).
">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад