+7 (727) 346-83-53 Алматы
+7 (7172) 36-64-64 Астана
Рубрика статей

ҚР-ғы рұқсат беру жүйесін жетілдіру
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F
Бизнесті дамыту үшін жағымды жағдайлар жасау және әкімшілік кедергілерді азайту – мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы негізгі міндеті.

Соңғы жылдары бизнес-климатты жақсарту және шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша жағымды жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Бұл келесі нормативтік құқықтық актілер:

1. Заңды тұлғаларды – шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу (қайта тіркеу) мерзімін қысқартуды, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ең төмен жарғылық капиталын азайтуда көздейтін ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңы.

2.Жеке кәсіпкерлік саласында тексерулерді және бақылаудың басқа да формаларын өткізу процедуралары мен принциптерін бірегейлендіруге бағытталған 72 заңнамалық актілерге өзгертулер енгізуді көздейтін ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы.

3. Мемлекеттік сатып алуларды қазақстандық жеткізушілерге бағыттау арқылы ішкі сұранысты ынталандыруға және отандық кәсіпорындарды қолдауға бағытталған ҚР «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы.

4. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін, сонымен қатар уәкілетті орган, тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы өзара қарым-қатынастарды белгілеуге бағытталған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қазақстандық қамту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңы.

5. Бірінше кезекте шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін жетілдіруді, фискальды процедураларды ықшамдауды, заңға тәуелді актілерге сілтеме нормаларын қысқартуды қарастыратын экономиканың шикізаттық емес секторы үшін салық жүктемесін барынша азайту көзделген Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа кодексі (Салық кодексі).

6. Жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыруға және олардың қызметіне байланысты қылмыстарды (құқық бұзушылықтарды) азайтуға бағытталған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы.

Инновациялық гранттарды ұсыну, инновациялық даму институттары арқылы шаралар кешені мен инновациялық жобаларды дамытуды қаржыландыру жолымен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың қолданыстағы механизмдерін қамтамасыз ету, сонымен қатар ғылымның өндіріспен байланысын күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» заңы қабылданды.

2011 жылдың қаңтарында мақсаты мемлекеттік билік органдарының бақылау және қадағалау өкілеттіліктерін жүзеге асыруды регламенттейтін бірыңғай нормативтік құқықтық база жасау болып табылатын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» заңы қабылданды. Осы заңмен бақылау және қадағалау түрлері белгіленген, бағынышты (қадағаланатын) субъекттерді тексеру тәртібін жүзеге асыру мәселелері регламенттеледі. 

Ағымдағы жылдың басында статистикалық органдардың деректері бойынша әрекет етуші заңды тұлғалардың 187 161 немесе саны заңды тұлғалардың жалпы санының 65%-ды құрады (олардың ішінде: шағын – 172 231, орташа – 12 664, ірі &ndash">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад