Пайызсыз заемға салық салу (01.04.2015)

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Компанияларға айналым қаражаты қажет болатын жағдайлар аз емес, оларды коммерциялық қаржы ұйымдарынан алу мүмкін болмайды. Бұл жағдайда пайызсыз қаржы заемын бере отырып, компания құрылтайшысы немесе аффилирланған компания көмекке келе алады. Онда осы сұрақтар туындайды: пайызсыз заем алу кезінде компанияның салық есебінде қандай міндеттемелер пайда болады? Құрылтайшымен жеке тұлға ретінде заем шарты жасау заңды бола ма? Заем сомасы компания табысына жатқызыла ма?

Заем кезінде бір тарап (заем беруші) екінші тараптың (заем алушы) меншігіне (шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару) ақшаны немесе ұқсас белгілермен айқындалған заттарды береді, ал ҚР Азаматтық кодексінде (ары қарай – АК) немесе шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал заем алушы заем берушіге тура осындай ақша сомасын немесе осыған ұқсастығы бар және сапасы сәйкес келетін заттардың тең мөлшерін уақтылы қайтаруға міндеттенеді. Осылайша, кез келген заңды немесе жеке тұлға заем алушы бола алады.

Бірақ, АК 715-бабының 3-тармағына сәйкес, азаматтардан кәсіпкерлік қызмет ретінде заем түрінде ақша тартуға заңды тұлғалар мен азаматтарға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған сәттен бастап, жарамсыз деп танылады.

Бұл тыйым салу заем алушылар депозиттерді қабылдауға арналған ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясына ие банкілер болып табылған жағдайларға, сондай-ақ ақшаны шығарылуы белгіленген тәртіпте тіркелген құнды қағаздарға айырбастауға қабылдау жағдайларына таралмайды.

Шектеу тек заемды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәсілі ретінде пайдалану жағдайларына ғана таралады.

АК 10-бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік – бұл жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) шаруашылық жүргізу немесе шұғыл басқару құқығына негізделген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға бағытталған, меншік нысанына қарамастан, азаматтардың және жеке тұлғалардың бастамашылдық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, қаупі үшін және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады.

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес, негізгі қызмет түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

Осыған байланысты, ақшаны немесе ұқсас белгілермен айқындалған заттарды бір жолғы немесе кезеңмен қарызға алу кәсіпкерлік қызмет ретінде қарала алмайды және заем шартын жарамсыз деп тану түріндегі салдарға әкеп соқпайды.

Қарастырылатын тыйым салу тек заем алушыларға ғана таралады және заем берушілерге қатысы жоқ. Заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да кәсіпкерлік қызмет тәртібінде жүзеге асыратын ақшаны қарызға беруге тыйым салынбайды.

Азаматтарды және коммерциялық емес ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар заем берушілер бола алады.

Пайызсыз заем шарты бойынша заңды тұлғаның жеке тұлғадан (мысалы, компания құрылтайшысынан) ақшалай қаражатты тартуы жарғымен белгіленген негізгі қызметті дамыту мақсатында жүзеге асырылады және алынған қаражатты кәсіпкерлік қызмет ретінде пайдалануды білдірмейді.

АК 715-бабының 3-тармағын неғұрлым егжейлі-тегжейлі қарайтын болсақ, ақшалай қаражатты пайдалану үшін сыйақы түріндегі табыс алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақшалай қаражатты тұрақты түрде тартуға негізделмеген, компанияның жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлға арасында жасалған пайызсыз заем шарты заңды болып табылады және экономикалық қатынас субъектілері пайдалана алады деген қорытынды жасауға болады.

«Лицензиялау туралы» ҚР 2007 жылғы 11 қаңтарындағы № 214-III Заңының  32-баптың 1-тармақшасына және АК 727, 728-баптарына сәйкес, заем шартының мұндай түрі банктік заем операциялары қатарына жатпайды және лицензиялау объектісі болып табылмайды.

Компания жеке тұлғалардың (құрылтайшының) кәсіпкерлік қызмет ретіндегі емес, өз жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін жеке ақшалай қаражатын тарту операцияларын көрсеткен кезде, есепке алуда мұндай операцияларды көрсету әдісін дербес т">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос
Рубрика статей

–ейтинг@Mail.ru