Тауарларды жеңілдікпен сату

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

 
Сатып алушылардың сұранысын ынталандыру үшін көптеген компаниялар тауарларын жеңілдікпен сатады. Тауарларды жеңілдікпен сатқан кезде, түсінбеушілік болмас үшін, жеңілдіктер ұсыну шарттарын алдын ала анық айқындап алу керек.
 
Жеңілдік – бұл сатып алушыға, ол белгілі бір талаптарды орындаған кезде, сатылатын тауардың сату бағасына төмендетілетін сома. Алайда жеңілдік бойынша белгілі бір талаптар сақталмай, көптеген ұсыныстар жиі кездеседі, бірақ мұндай ұсыныстарды арзандату деп атауға болады. Қазіргі уақытта жеңілдіктерді ірі және орта компаниялар кең пайдаланады.
 
Жеңілдіктің түрлері:
Сконто – шарт талаптарымен салыстырғанда, қолма-қол ақшамен ақы төлегені немесе төлемдерді мерзімінен бұрын жүзеге асырғаны үшін ұсынылатын жеңілдіктер.
Жинақтау жеңілдігі (айналым үшін жеңілдік) – бір ғана сатушыдан үнемі және жүйелі түрде тауар сатып алғаны үшін жеңілдік (тұрақты клиенттер үшін).
Дилерлік жеңілдік – тауарларды өткізуді (сатуды) ұйымдастыратын агенттер мен делдалдарға ұсынылатын жеңілдік.
Маусымдық жеңілдік – маусымдық сипатқа ие негізінен жаппай сұраныс өнімі саудасында қолданылатын баға жеңілдігі.
Жаңа тауарға жеңілдік – сатып алушыны жаңа тауармен немесе өніммен таныстыру үшін тарту мақсатында ұсынылады.
Сапа үшін жеңілдік – баға жеңілдіктері төмендетілген сұрып тауарлар (нормативтік-техникалық құжаттамамен рұқсат берілген шекте) немесе прейскуранттарда (прайстарда) бекітілген талаптардан төмен тауарлар бойынша ұсынылады.
Клубтық жеңілдік – тауарларды сатудан жеңілдіктер тұйық экономикалық бірліктерде айналатын өнімді сату көлемінен ұсынылады.
Экспорттық жеңілдік – өндіруші (жеткізіп беруші) сыртқы нарықта бұл тауарды  бұдан әрі жылжыту шартымен сатып алушыға ұсынады.
Рабат (англ. rebate) – тауарды ірі партиялармен сатып алу кезінде пайыз немесе белгілі бір сома түрінде ұсынылатын тауардың бағасынан жеңілдік. Саудалық бағыттағы рабат – кеме иелерінің жүк жөнелтушілерге, олардың жүктерді тек кеме иесінің кемелерінен жібергені үшін, ұсынылатын тарифтен жеңілдік.
 
Ұстанымдар
Жеңілдіктерді белгілеу кезінде мынадай ұстанымдарды басшылыққа алу керек:
жеңілдікті қолдану оң нәтижені қамтамасыз етуге тиіс, ол клиент базасын көбейтуде де, оң экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуде де көрінеді;
ұсынылатын жеңілдіктің мөлшері сатып алушының және сатушының мүддесін ескеруі тиіс;
жеңілдіктер жүйесін әзірлеу кезінде бастапқы белгіленген (негізгі) баға мөлшері ескерілуі тиіс, оны басында барынша жоғары белгілеу ұсынылады;
жеңілдіктерді белгілеу кезінде сатылатын өнімге сұраныс ескерілуі керек, өйткені бағаны төмендету әрқашан сату көлемін ұлғайтуға әкеп соқпайды.
Кез келген жағдайда жеңілдіктер жеткізіп берушілер үшін жасырын шығын, ал сатып алушылар үшін табыс болып табылады. Осы негізде кәсіпорын – сатып алушының табысы бола отырып, бағалардан жасалған барлық жеңілдік түрлеріне заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салынуға тиіс. Алайда, басқа жағынан қарайтын болсақ, ҚЕХС ережелеріне сәйкессіздікті байқауға болады: ТМҚ барлық жеңілдіктерді және сатып алу мен кәсіпорын қоймасына жеткізіп беруге кеткен шығындарды ескере отырып, сатып алу құны бойынша кіріске жазылады.
«Прима» компаниясы әрбір бірлік үшін 500 теңгеден (ҚҚС-сыз) 150 дана көлемінде күнделіктерге тапсырыс ресімдеді және «Принт» ЖШС-дан 1 000 тг мөлшерінде жеңілдік алды. Алынған шот-фактурада мынадай деректер 1-кестеде көрсетілді:
 
Кесте 1

 

Тауар атауы

 

Саны, дана

 

Бағасы

 

ҚҚС-сыз сомасы

 

ҚҚС 12%

 

ҚҚС-пен сомасы

 

1

 

Қара күнделік

 

50

 

500

 

25 000

 

3 000

 

28 000

 

2

 

Көк күнделік

 

50

 

500

 

25 000

 

3 000

 

28 000

 

3

 

Сұр күнделік

 

50

 

500

 

25 000

 

3 000

 

28 000

 

4

 

Жеңілдік

 

1

 

- 892,86

 

- 892,86

 

-107,14

 

- 1 000

 

Барлығы

 

 

 

74 107,14

 

8 892,86

 

83 000

 

 
Сатып алу құнын жалпы сомаға үйлесімділіп азайтамыз:
Алдымен жеңілдікті есепке алмай, ҚҚС-пен соманы есептейміз: (500 тг × 150 дана) + 12% = 84 000 тг.
Әрі қарай пайыздық қатынаста әрбір тауардан жеңілдікті белгілейміз:
83 000 тг / 84 000 тг × 100% = 98,809%, яғни әрбір бірлікке арналған бағадан нақты жеңілдік 1,191%-ға (100% – 98,809%) тең болады.
 
Түсім:
Құнын 98,809%-ға көбейтеміз де сома бойынша үш жол орташа 27 667 тг = 28 000 тг × 98,809% аламыз (2-кестеде көрсетілген).
Жеңілдікті ескеріп, бір бірлік бағасы 27 667 тг / 50 дана = 494,05 тг (ҚҚС есепке алмай).
 
Кесте 2

 

Тауар атауы

 

Саны, дана

 

Бағасы

 

ҚҚС-сыз сомасы

 

ҚҚС 12%

 

ҚҚС-пен сомасы

 

1

 

Қара күнделік

 

50

 

494,05

 

24 702,50

 

2 964,3

 

27 666,8

 

2

 

Көк күнделік

 

50

 

494,05

 

24 702,50

 

2 964,3

 

27 666,8

 

3

 

Сұр күнделік

 

50

 

494,05

 

24 702,50

 

2 964,3

 

27 666,8

 

Барлығы

 

 

 

74 107,50

 

8 892,9

 

83 000

 

 
Мұндай қайта есептеу кезінде 1 теңгеге «плюс» немесе «минус» кішкене айырмашылық болуы мүмкін. Сома қорытындысының сәйкес келуі маңызды.
Егер тауар алдымен сатушыдан түссе, содан кейін ол үшін сатып алушылар ақы төлесе, 3-кестеде көрсетілген жүргізулер жүргізіледі:
 
Кесте 3

Д-т

 

К-т

 

Операция мазмұны

 

Сомасы

 

1310 (1330) «Шикізат пен материалдар»

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Үйлесімді бөлінген жеңілдікті есепке алғандағы жалпы сату сомасы

74 107,50

 

1420 ҚҚС

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Жеңілдікті есепке алғандағы ҚҚС сомасы

 

8 892,86

 

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1010 (1030) «Кассадағы теңгемен

ақшалай қаражат»

Жеткізіп берушілермен есеп айырысу

83 000

 

 
Егер алдымен сатып алушылардан аванс алынып, содан кейін сатушыдан тауар түссе, 4-кестедегі жүргізулерді пайдалану керек:
Кесте 4

Д-т

 

К-т

 

Операция мазмұны

 

Сомасы

 

1610 «Өзге қысқа мерзімді активтер берілген аванстар»

1010 (1030) «Кассадағы теңгемен ақшалай қаражат»

Жеткізіп берушілермен есеп айырысу

83 000

 

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1610 «Өзге қысқа мерзімді активтер берілген аванстар»

 

Жеңілдіксіз, жалпы түсім сомасы

 

74 107,50

 

1420 ҚҚС

 

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Жеңілдігі ескерілмеген есепке алынатын ҚҚС сомасы 

 

8 892,86

 

 
Басқа жағынан, шоттардың қолданыстағы жоспарында «Баға мен сатылымнан жеңілдіктер» 6030 шоты бар. Алынған құжаттарға сәйкес, осы шотты қолдану арқылы
5-кестеде көрсетілген жүргізулерді қарастырамыз.
 
Кесте 5

Д-т

К-т

Операция мазмұны 

Сомасы

1310 (1330) «Шикізат пен материалдар»

 

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Жеңілдіксіз, жалпы түсім сомасы

 

75 000

 

1420 «ҚҚС»

 

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Жеңілдігі ескерілмеген есепке алынатын ҚҚС сомасы

 

9000

 

6030 «Баға мен сатылымнан жеңілдіктер»

1310 (1330) «Шикізат пен материалдар» 

 

Жеңілдік сомасы

 

892,86

 

6030 «Баға мен сатылымнан жеңілдіктер»

1420 «ҚҚС»

Жеңілдік сомасына ҚҚС кемиді

107,14

 

3310 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1010 (1030) «Кассадағы теңгемен ақшалай қаражат»

 

Жеткізіп берушілермен есеп айырысу

 

83000

 

 
немесе
 

1310 (1330) «Шикізат пен материалдар» 

 

3310 (4110) «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Жеңілдіксіз, жалпы түсім сомасы

 

75 000

 

1420 «ҚҚС»

 

3310 (4110) «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Жеңілдігі ескерілмеген есепке алынатын ҚҚС сомасы

9 000

 

Шартта айтылған жеңілдікті пайдалану шартымен

 

3310, 411 «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1030 (1010) «Жолдағы ақшалай қаражат»

 

Жеңілдігі бар сомаға жеткізіп берушілермен есеп айырысу

84 000

 

1310 (1330) «Шикізат пен материалдар»

 

3310 (4110) «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Жеңілдік сомасына сторно

892,86

 

1420 «ҚҚС»

 

3310 (4110) «Жеткізіп берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Бастапқы ұсынылған шот-фактура бойынша есепке қабылданған ҚҚС сомасына сторно

107,14

 

 
«Макда» ЖШС плазмалы теледидарлардың бөлшектеп және көтерме саудасымен айналысады. Тауарды нарықта жылжыту үшін «Макда» ЖШС жеке сатып алушыларға теледидарларды жеңілдікпен сатады. Сату құны бір бірлік үшін 150 000 тг. Тауардың ірі партиясын сатып алушыларға 10% жеңілдік ұсынылады. Теледидарлардың өзіндік құны бір бірлік үшін 100 000 тг. Компания теледидарлардың 200 дана ірі партиясын сатты. 6-кестені қарастырайық:
Кесте 6

Д-т

 

К-т

 

Операция мазмұны

 

Сомасы

 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

6010 «Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түсетін табыс»

Мәміле шарттары бойынша алынатын шоттар бойынша табысты мойындау

30 000 000

 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

3130 «ҚҚС»

 

ҚҚС сомасына

 

3 600 000

 

6030 «Баға мен сатылымнан жеңілдіктер»

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Жеңілдік шарттары бойынша жеңілдіктер ұсыну

3 000 000

3130 «ҚҚС»

 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Жеңілдік шарттары бойынша ҚҚС түзету

 

360 000

 

6010 «Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түсетін табыс»

5610 «Қорытынды пайда»

Сату бойынша қорытынды табысты мойындау

30 000 000

 

7010 «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»

1330 «Тауарлар»

 

Сатылған компьютерлердің өзіндік құнын шығынға жазу

20 000 000

 

5610 «Қорытынды пайда»

7010 «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»

Өзіндік құнды қорытынды зиянға арналған шығынға жазу өзіндік құнды қорытынды зиянға арналған шығынға жазу

20 000 000

 

5610 «Қорытынды пайда»

6030 «Баға мен сатылымнан жеңілдіктер»

Ұсынылған жеңілдікті қорытынды зиянға арналған шығынға жазу

3 000 000

 

 
СК 239-бабына сәйкес, «Салық салынатын айналымның мөлшерін түзету»:
1. Сатылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны сол немесе өзге жаққа қарай өзгерген жағдайда, салық салынатын айналымның мөлшері тиісінше түзетіледі.
2. Салық төлеушінің салық салынатын айналымының мөлшерін түзету мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) тауарды толық немесе ішінара қайтару;
2) мәміле шарттарын өзгерту;
3) сатылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін бағаларды, өтемақыларды өзгерту;
4) бағадан жеңілдіктер, сатылымнан жеңілдіктер;
5) сатылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнында оларды теңгемен төлеу кезінде айырмашылық алу;
6) СК 231-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес сату бойынша айналымға қосылған ыдысты қайтару.
3. Осы бапқа сәйкес, салық салынатын айналым мөлшерін түзету мынадай талаптарды бір уақытта сақтаған кезде жүргізеді:
1) СК 239-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда түзету жүргізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттардың болуы;
2) қосымша шот-фактураның болуы, онда салық салынатын айналым және қосымша құн салығы бойынша теріс (оң) мән болады.
Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету тауарларды сату, жұмыс орындау, мұндай қызмет көрсетулер бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын айналым мөлшерінен асып кетпеуге тиіс.
Яғни, егер сату бойынша 200 000 тг айналым есепке алынса, онда кейіннен осы салық салынатын айналымды 200 000 тг-ден көп емес мөлшерге түзетуге (азайтуға) болады.
Сондай-ақ ҚҚС декларациясының 6-қосымшасында 300.00 нысаны бойынша тауар алған кезде жеңілдік сомасын салық салынатын айналымды түзету ретінде көрсету керек – 300.06.004 жолы және ҚҚС сомасы – 300.06.018 жолы.
Егер жеңілдік ұсыну көбінесе қаржылық есепке алуға қарағанда, басқарушылық есепке алуға жатады деген негізге алынатын болса, көптеген сатушы-фирмалар ұсынылған жеңілдіктердің есепке алынуын жүргізбейді, жүк құжаттарын және шот-фактураларды сомаларға бағалар туралы келісе отырып, көрсетуді ескеріп, жүк құжаттар мен шот-фактураларға жеңілдіктерді ескере отырып жазады. Алайда, бұл елеусіз болып көрінетін операцияны мынадай екі себеппен бағаламауға болмайды:
1) компания жыл соңында дәл қандай сомаға жеңілдік жасалғанын білмей, «жіберіп алған пайдасын» бағалай алмайды;
2) компанияны тексеруші құзыретті органдардың сұрақтары және компания табысты төмендетіп отыр деген күмәні болуы мүмкін, сонымен қатар баға да орташа нарық құнына қарағанда төмен. Ал егер есепке алуда көрсетілген орташа нарық құны мен жеңілдіктен тұратын сату бағасы болса, онда сұрақ болмайды.
СК 239-бабының 2-тармағына сәйкес, экспорт тәртіптемесінде бұрын шығарып алынған реимпорт тәртіптемесінде тауарларды әкелуді қоспағанда, тауарды толық немесе ішінара қайтарған жағдайда, салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету жүргізіледі. Осы баптың 3-тармағына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету жоғарыда аталған жағдайда түзету жүргізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттар, сондай-ақ салық салынатын айналым және қосымша құн салығы бойынша теріс (оң) мән болатын қосымша шот-фактура бар болған кезде жүргізіледі.
Жоғарыда айтылғаннан тауарды толық немесе ішінара қайтаруға, сондай-ақ бағадан жеңілдікке «минус» белгісі бар қосымша шот-фактуралар жазылу керектігі туындайды. Қосымша құн салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) құрастыру ережелеріне сәйкес (300.00 нысаны), негізгі де, қосымша да, барлық жазылған және алынған шот-фактураларды сатушы-компания 300.07 қосымшасында және сатып алушы-компания – 300.08 қосымшасында бірыңғай тәртіпте, яғни бастапқы құжаттамаға қатал сәйкестікте көрсетуге тиіс.
ҚҚС бойынша салық есептілігін (декларациясын) құрастыру ережелерін (300.00 нысаны) мұқият зерделеген кезде, 300.07 және 300.08 қосымшалары бойынша қорытынды сомалар декларацияның 300.000.01 және 300.00.014 (I) жолдарына міндетті түрде сәйкес келуге тиіс емес. Сондай-ақ, декларацияның қай жолында ол бойынша айналым көрсетілуіне қарамастан, декларация (300.00 нысаны) шот-фактураларды көрсету үшін екі ғана тізілімді – 300.07 және 300.08 қосымшаларын көздейді.
Жеңілдік сату сәтінен бастап ұсынылады. «Прима» ЖШС сауда компаниясы «Принт» ЖШС компаниясына тауарды 200 000 тг сомасына сатты (200 дана × 1 000 тг). ҚҚС 12% = 24 000 тг. Сатып алу-сату мәмілесін жасау сәтінде «Прима» ЖШС 10% жинақтау жеңілдігін ұсынды. Қорытындысында ақы төлеу – 201 600 тг (224 000 – 10%). Жеңілдік 22 400 тг (20 000 тг – ҚҚС-сыз жеңілдік сомасы;
2 400 тг – ҚҚС) құрды.
«Прима» ЖШС жүргізулері 7-кестеде көрсетілген:
Кесте 7

Д-т

 

К-т

 

Операция мазмұны

 

Сомасы

 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

6010 «Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түсетін табыс»

 

Жеңілдіксіз, жалпы сату сомасы

 

200 000

 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

3130 «ҚҚС»

 

Жеңілдікті ескермеген ҚҚС сомасы

 

24 000

 

6030 «Баға мен сатылымнан жеңілдіктер»

 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Жеңілдіктер сомасы

 

20 000

 

3130 «ҚҚС»

 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Жеңілдік сомасына ҚҚС кемиді

 

2 400

 

Есепті кезеңнің соңында: 

 

6010 «Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түсетін табыс»

5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (шығыны)»

Табыс сомасы

 

200 000

 

5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (шығыны)»

6030 «Баға мен сатылымнан жеңілдіктер»

Жеңілдіктер сомасы

 

20 000

 

 
Қаржы тұрғысынан алғанда, үлкен жеңілдіктер ұсыну, неғұрлым төмен бағаға байланысты сатылымды көбейту есебінен алынған қосымша табыс бағаны түсіруден болған шығынның орнын жапқанда, ақталады.
Яғни, тұрақты және өзгермелі шығындар деңгейін есепке ала отырып, сіз бағаның (немесе жеңілдіктің) қандай деңгейінде, ағымдағы қаржы нәтижесін сақтап қалу үшін, сатылым көлемі қаншалықты өсуге тиіс екендігін есептей аласыз. Және тиісінше бұның компанияға тиімді немесе тиімсіз екендігін түсінесіз.
Бұл мәселені компания мақсаттарын негізге ала отырып шешу керектігі сөзсіз. Егер бұл нарық үлесін көбейту, негізгі бәсекелесті шығару, жаңа нарыққа шығу болса, онда қаржы нәтижесіне қол жеткізу үшін, оны уақытша кеміту орынды болуы ықтимал.

Авторизуйтесь или купите полный доступ

вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос

Рубрика статей


–ейтинг@Mail.ru