Ұйым мүлкінің есебі мен сақталуы

Автор:

Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Бухгалтерлік есеп ұйымның қызметі, оның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың қалыптасуы болып табылатын көптеген мәселелерді шешеді. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп түрлі қызметтерді атқарады, олардың ішінде ақпараттық, бақылаушылық қызмет, кері байланыс қызметі, аналитикалық қызмет, мүліктің сақталу қызметі бар. Автор соңғы қызметке оқырмандардың назарын аудартады.   Активтердің сақталуын қамтамасыз ету Азаматтық кодекстің 115-бабына сәйкес, «Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады». Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-ІІІ «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы активтер – дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар деп түсіндіреді. Сәйкесінше, активтер өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға саятын қаржылық есептіліктің элементтері ретінде құндық бағаға ие болып, олардан болашақта табыс күтіледі. Қазіргі таңда кәсіпорындардағы  актив ұғымына сәйкес келетін заттарды, ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып отыр.   Есепті ұйымдастыру Заңның 8-бабында бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде ұйым жасайтын барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін, бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз ететіні айтылады. Бұл барлық операцияларды, активтердің сақталуы, ұрлау деректерін болдырмау мен анықтау бойынша шараларын, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілік құруда қатеге жол бермеу бойынша шараларды тиімді жүргізу үшін қажет. Сондай-ақ, дербес аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы басқаруды қамтамасыз ететін ішкі бақылауды ұйымдастыру маңызды. Басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай: 1)  бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет құруды; 2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзудi; 3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi; 4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алады. Материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі олардың экономикалық жіктеуі болып болып табылады, соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтары бөліп көрсетіледі: 1.   Шикізаттар мен материалдар. Олар өнімнің материалдық негізін құрайды. Олар өнеркәсіпте пайдалануға арналған алғашқы сала өнімдері. Шикізаттің негізгі топтары: өсімдік дақылдар (мысалы, мақта), мал шаруашылығы өнімдері (жүн, былғары) және минералды заттардың көптеген топтары (боксит рудасы, мырыш). Материалдар – негізінен еңбек құралдары ретінде қолданылатын өндірістің түрлі заттық элементтерін білдіретін қорлар түрі. 2.   Сатып алынатын жартылай фабрикаттар – өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім болып саналмайтын шикізат және материалдар. Олардың өндірістік процестегі рөлі шикізат пен негізгі материалдардің рөліне тең. 3.   Отын. Отын өндірістік процесте де, әлеуметтік-мәдени аяда, да маңызды рөлге ие.  Ауылшаруашылық дақылдары өндіріс технологияларын, көп жағдайда мал өсіру ісін машина-трактор паркі мен автомобиль көлігінің жұмысынсыз елестету мүмкін емес. Отын энергетикалық (электр қуаты мен буды жасау үшін), технологиялық (өндірістік процесті жүзеге асыру үшін), қозғалтқыштық (көлікке арналған жанармай) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) болып бөлінеді. Отын дайын өнімнің құрамына кірмейді, тек оны әзірлеуге қатысады. 4.   Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар. 5.   Қосалқы бөлшектер, машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді. 6.   Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді. 7.   Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар. 8.   Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ, құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды (мысалы, жарылғыш заттар) білдіреді.  Тауарлы-материалдық қорлар есебінің негізгі міндеттері, барлық материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, олардың қозғалысы мен дұрыс қолданылуын бақылауды орнату, қорлардың белгіленген нормалары мен шығыстарын бақылау, белгіленген тәртіпте жұмсалуы тиіс қолданылмаған материалдардың уақытын анықтау, компания қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мәлімет алу болып табылады. Тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз етіп, оларды есепке дұрыс қою мақсатында, қойма есебінің тиісінше ұйымдастырылуын қамтамасыз ету керек. Материалдық құндылықтарды сақтау арнайы бейімделген орындарда (қоймаларда) жүзеге асырылуы тиіс. Материалдық құндылықтарды қоймаларға орналастыру тәртібі оларды қабылдау, шығару және түгендеу жүргізу бойынша операциялардың жылдамдылығын қамтамасыз ету тиіс. Тауарлы-материалдық қорларды қабылдау, сақтау мен жіберу бойынша жауапкершілік компания басшысының бұйрығымен белгіленген материалдық жауапты тұлғаға жүктеледі. Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары компания басшысының бұйрығымен белгіленген лауазымды тұлғаның жауапты сақтауында болуы тиіс. Активтерге жауапты тұлғалар активтерді түгендеу тізімін құрып, актитердің сақталуын бақылап, барлық өзгерістерді тіркеп отырады. Активтер компанияға түскен кезде материалдық жауапты тұлға жеткізушінің құжатына немесе активтерді қабылдау-өткізу (жылжыту) актісіне қорды қабылдағанын растап, қол қоюы тиіс. Қоймадан активтерді шығару жүкқұжат (талап) бойынша жүргізіліп, ол компания басшысы және (немесе) бас есепшісі тарапынан расталады. Ал жүкқұжат (талап) бір данада жазылады, нөмір мен шығару күні көрсетіледі, сол нөмір бойынша жүкқұжаттарды тіркеу журналына тіркеледі. Материалдық-жауапты тұлға ауысқанда оның жауапты сақтауында болған тауарлы-материалдық қорларды түгендеу жүргізіледі, ол туралы қабылдау-өткізу актісі жасалады. Актіні мекеме басшысы растайды. Мүліктік құндылықтар келіп түскен кезде ілеспе құжаттарда (шоттар, қабылдау, өткізу актілері және т. б.) түгендеу нөмірін қояды да, «Осы құжатта көрсетілген құндылықтар жауапты сақтауға қабылданды» деген жазба жасалып, күні мен жабдық пен қондырғының сақталуына жауапты тұлғаның қолы қойылады. Активтердің есепке алынуын ұйымдастырып, сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін әрбір нысанға (затқа) түгендеу нөмірі беріледі. Компания активтеріне ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық қорлардың, сондай-ақ несиелік және есеп-айырысу міндеттемелерін жасауға негіз болатын құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие бірінші басшы иелік етеді. Бухгалтер әдетте екінші қол құқығына ие бола отырып, шектеулерді қояды. Ол ауырған жағдайда немесе демалысқа шыққанда қол қою құқығы бухгалтерияның келесі қызметкеріне беріледі, ол туралы бұйрық жасалады. Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттарды нысаны бойынша (барлық деректемелер мен қолдардың болуы) және мазмұны бойынша (операциялардың заңдылығы, арифметикалық есептеулердің дұрыстығы, шығыстардың бекітілген сметаға сай болуы және т. б.) тексеру қажет, одан кейін есепке алынады. Құжаттардағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына, құжаттардың дұрыс жасалуына оларға қол қойған лауазымды тұлғалар жауапкершілік арқалайды. Құжаттарды тексеретін бухгалтер оларға қол қоюы тиіс. Шығыс құжаттарды шектеулерді белгілейтін бас бухгалтер бекітеді (қол қояды). Тиісті үлгіде рәсімделген бухгалтерлік құжаттар бухгалтерлік есепке жазба жасауға негіз болады. Құжаттар операцияны жүзеге асыру уақытында дер кезінде жасалып, дұрыс мәліметтерден тұрып, төмендегідей деректемелерге ие болуы тиіс: –    құжат атауы (кіріс кассалық ордер, шығыс кассалық ордер, шот, шот-фактура және т. б.); –    құжат жасаған ұйымның атауы мен мекенжайы; осы құжат рәсімдеген шаруашылық операцияны жүзеге асыруға қатысқан тараптарды көрсету; құжат жасалған күн; қаржылық-шаруашылық операция мазмұны мен оның негіздемесі; операция өлшеуіштері (сандық және құндық сипатта); операция үшін жауапты тұлғалардың қолдары. Материалдық құндылықтарды қабылдауды растайтын барлық құжаттарға материалды жауапты тұлға қол қояды, ал жұмыстың орындалуын немесе қызметтің көрсетілуін растайтын құжаттар тиісті тұлғаның (тұлғалардың) ол жұмыстар немесе қызметтерді қабылдауы туралы жазбалардан тұрады. Кассадан қолма-қол ақша беру компанияның шаруашылық шығындарына арналған мақсатта және тек есеп айырысу шоты арқылы жүзеге асырылады.   Борышқа берілген ақшалар оларды беру кезінде қарастырылған мақсатта жұмсала алады. Аванстық сомалардың жұмсалуы туралы борышты тұлғалар есеп беруі тиіс. Активтерді есептен шығару заңға және компания ішіндегі құжаттарға сай жүргізіледі. Істерді өткізу және түгендеу Жоғарыда айтылғандай, материалды жауапты тұлға ауысқанда, оның жауапты сақтауында болған материалдық құндылықтар түгенделіп, қабылдау-өткізу актісі жасалады. Актіні компания басшысы және (немесе) бас бухгалтер бекітеді. Бас бухгалтер жұмыстан босатылған жағдайда іс сол қызметке заңнамаға сәйкес тағайындалған бас бухгалтерге беріледі. Соңғысы болмаған жағдайда, басшының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге өтеді. Істі тапсыратын бас бухгалтер (бұдан әрі қарай – тапсырушы) мен істі қабылдайтын қызметкер (бұдан әрі – қабылдаушы) арасындағы істі қабылдау және өткізу бірінші басшы мен басқа да өкілетті тұлғаның бұйрығының негізінде жүргізіледі. Бұйрықта бухгалтерлік қызметті қабылдау-тапсыру мерзімі көрсетіледі, алайда бір айдан аспауы тиіс; сондай-ақ тапсырушы мен қабылдаушының еңбегін төлеу тәртібі көрсетіледі. Бұйрықта сонымен қатар істерді қабылдау-өткізу кезеңінде құжаттарға қол қою құқығының кімге берілетіні көрсетіледі, сондай-ақ істі қабылдаушы тұлғаның қол қою құқыңы рәсімделгенге дейін құжаттарға тапсырушы қабыладушының бақылауымен қол қояды.   Істерді тапсыру кезінде бухгалтерлік есептік күйі мен есептілік мәліметтерінің растығы анықталады, ол туралы қабылдаушы мен істі тапсырушының жауапкершілігін шектейтін тиісті істі қабылдау-тапсыру актісі (бұдан әрі –  Акт) жасалады. Кәсіпорын активтерін тексерумен қамту дәрежесіне қарай түгендеу толық әрі ішінара болып бөлінеді. Толық түгендеу кәсіпорынның барлық активт ...

Авторизуйтесь или купите полный доступ

вернуться назад
?
Не нашли нужный документ?
задать вопрос

Рубрика статей


–ейтинг@Mail.ru