+7 (727) 346-83-53 Алматы
+7 (7172) 36-64-64 Астана
Рубрика статей

Түгендеу
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F
 
Түгендеу материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасауды, есепке алу және материалды жауапты тұлғалардың (ары қарай – МЖТ) жұмысындағы мүмкін болатын қателіктерді анықтауды, жоюды, табиғи зиян көлемін белгілеуді және материалдық және өзге құндылықтардың қалдықтары туралы есепке алу деректерін анықтап жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 
ҚР Қаржы министрілігінің 2007 ж. 22 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепке алу жүргізу ережелерінің (ары қарай – Ережелер) 7 «Түгендеу» бөліміне сәйкес, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында, активтер мен міндеттемелердің түгенделуі жылына кем дегенде бір рет өткізіледі.
Жеке кәсіпкерлер (ары қарай – ЖК) мен шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын ұйымдар түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімін өздері белгілей алады. Орналасқан жеріне қарамастан, бірақ бухгалтерлік есепте болып саналатын (жауапты сақталудағы, шарт бойынша жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссия үшін қабылданған) барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен ескерілмеген мүлік және барлық міндеттеме түрлері түгенделуге тиіс.
Есептік жыл ішіндегі түгендеу санын, оларды өткізу күнін, олардың әрқайсысын тексеру кезіндегі мүліктің және қаржы міндеттемелерінің тізілімін ұйым басшысы немесе ЖК белгілейді. Жылдық бухгалтерлік есептілікті құру алдында түгендеу өткізу – міндетті түрде.
Ұйымның басшысы мен бас бухгалтеріне түгендеуді дұрыс және уақтылы өткізу үшін жауапкершілік жүктеледі.
Түгендеуді өткізу үшін ұйым басшысының немесе ЖК-нің бұйрығымен түгендеу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылады.
Түгендеу комиссиясын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған соң, оның төрағасына ұйымның бірінші басшысының немесе ЖК-нің қол қоюымен жазбаша өкімі беріледі, бұл өкімде комиссия құрамынан басқалар да көрсетіледі: бұйрықтың нөмірі мен күні, түгенделуге тиісті объект, түгендеуді өткізу себебі, түгендеуді бастау және аяқтау мерзімдері.
Түгендеу рәсімі ҚЕХС және ҚЕҰС негізінде құрылған ұйымның есеп саясатында нақты белгіленуге тиіс. Қорлар мен негізгі құралдарды (ары қарай – НҚ) түгендеу қорытындылары бойынша активтердің құнсыздануын көрсететін факторлардың болуы да анықталады.
Қорлар мен НҚ-ны түгендеу жұмысы еңбегі көп жұмсалатын үдерістер болып табылады.
 
Қорларды түгендеу
Қорлардың түгенделуін өткізу кезінде мыналарды ескерген жөн:
–   жеке қорлармен қатар, басқа ұйымдардан қайта өңдеу үшін алынған жауапты сақталудағы қорлар да түгенделуге тиіс;
–   комиссия құрамына міндетті түрде МЖТ енгізіледі;
–   нақты қалдықтарды тексеру МЖТ-ның міндетті қатысуымен іске асырылуға тиіс, ол өз учаскесіндегі түгендеу комиссиясының мүшесі бола алмайды;
–   егер комиссия түгендеуді толық емес құрамда өткізсе, онда түгендеу нәтижелері де жарамсыз болуы мүмкін;
–   қажет болған кезде, комиссия құрамына қорлардың тұрпатты құрамы мен сапасын анықтау бойынша білімі бар маманды енгізген жөн;
–   қорлардың нақты қолда болуы есептеу, салмағын, көлемін өлшеу жолымен анықталуға тиіс;
–   түгендеу барысында келіп түскен немесе босатылған қорлар түгендеуден кейін ресімделеді, ал деректер жеке тізімдемеге енгізіледі.
Түгендеуді бастау алдында мынадай жұмыстарды атқарған жөн:
–   жеке кіру және шығу орындары бар қойма және қосалқы үй-жайларды, жертөлесін және басқа да мүлік сақтау орындарын пломбалау;
–   түгендеуді өткізу кезінде пайдаланылатын өлшеу аспаптары мен құрылғыларының ақаусыздығын және оларды тексеру мерзімдерінің сақталуын тексеру;
–   түгендеуді бастау күніндегі соңғы кіріс және шығыс құжаттарының тізбелерін немесе түгенделуге тиіс қорлардың қозғалысы туралы есеп берулерді алу.
Құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалар оларда түгендеу басталғанға дейін кіріс немесе шығыс құндылықтарға қатысты барлық құжаттардың бухгалтерияға тапсырылғаны және кіріске енгізілмеген немесе шығысқа шығынға жазылған құндылықтардың жоқ екендігі туралы қолхаттар ұсынады. Түгендеу басталғанға дейін құндылықтардың кірісі немесе шығысы бойынша барлық құжаттардың өңделуін, аналитикалық есепке алу шоттары бойынша тиісті жазбалар жасауды және қалдықты түгендеу күніне шығаруды да аяқтау керек.
Түгендеу тізімдеріндегі МЖТ ауысуы жағдайында мүліктің нақты қолда болуын тексеру кезінде бұл мүлікті қабылдаған тұлға оны қабылдап алу туралы, ал тапсырушы тұлға оны тапсыру туралы қолдарын қояды.
Құндылықтардың әрбір түрі бойынша түгендеу деректері құндылықтардың орналасқан немесе сақталған орны және сақталуы үшін жауапты тұлғалар бойынша жеке құрылатын түгендеу тізбелерінде белгіленеді. Түгендеу тізбесі Қаржы министрлігі">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад