+7 (727) 346-83-53 Алматы
+7 (7172) 36-64-64 Астана
Рубрика статей

Еңбек қатынастары: мәселелер мен шешімдер
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Қызметкерге 2013 жылғы 1 ақпанынан бастап 126 күнтізбелік күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілді. Ол жұмыс берушіден жүктілікке және босануға байланысты демалысты орташа жалақы есебінен төлеуін талап етуде. Қызметкердің талабы заңды ма?

 

ҚР 2013 жылғы 4 ақпандағы № 75-V  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңынасәйкес, Еңбек кодексі жаңа194-1-баппен, «Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің ерекшеліктері», толықтырылды. Бірақ осы заң нормалары, оны ресми жариялаған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана заңды күшіне енгендіктен (заң 2013 жылғы 6 ақпанда жарияланды), қызметкерге бұл өзгерістер таратылмайды, өйткені ол жүктілікке және босануға байланысты демалысты 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап рәсімдеді.

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарға кірмейтін жерде тұратын және тіркелген қызметкер Созақ ауданындағы кеніште вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Жұмыс берушінің жалақы төлеуі 1,2 коэффициентін қолданып жүзеге асырылады.

Кезекті еңбек демалысын беру кезінде Жұмыс беруші қызметкерге жеті күнтізбелік күн көлеміндегі қосымша төленетін демалысты (зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін берілетін демалысқа қоса) ұсынудан және қолданыстағы төлемдер үстіне айлық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған материалдық көмекті бөлуден бас тартады, ол бұл әрекетін қызметкердің экологиялық қасірет аймағында тіркелімі жоқтығымен дәлелдейді. Жұмыс берушінің әрекеттері заңды ма? Бұл жағдайда қызметкерде тіркелімнің болуы маңызды ма?

ҚР «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңының (бұдан былай – Заң) бабына сәйкес Созақ ауданы экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа кіреді.

Заңның 13-бабының 1-тармағының 3, 4-тармақшаларына сәйкес, экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа:

–    экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін: 

      экологиялық апат аймағы бойынша – 1,5

      экологиялық дағдарыс аймағы бойынша – 1,3 

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша – 1,2

коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу; 

<">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад