Рубрика статей

Кедендік одақта қызмет көрсетуде жанама салықтарды алу мен төлем көзінен ұсталатын КТС есептеу
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын компания ресейлік компаниямен қызмет көрсетуге шарт жасасты. Аталмыш жағдайда компанияда КТС мен ҚҚС бойынша қандай міндеттемелер туындайды?

Кедендік одақта жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезінде жанама салық алу төмендегі құжаттармен регламенттеледі:

–    Ресей Федерация, Беларусь Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы» келісім;

–    2009 жылғы 11 желтоқсандағы «Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы» хаттама (бұдан әрі – Жұмыстар мен қызметтер туралы хаттама).

Қызмет деп нәтижесі материалдық сипатқа ие емес  және жүзеге асыру барысында тұтынылатын іс-әрекет, сондай-ақ, патенттер, лицензиялар, сауда маркаларын, авторлық құқықтар мен басқа да құқықтарды беру және ұсыну түсініледі.

Жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын Кеден одағына мүше мемлекетте жүзеге асырылады.

Жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде салық базасы, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі мен салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату) аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.

Салық салу мақсатында Жұмыстар мен қызметтер туралы хаттамада қызметтердің кейбір түрлерінің анықтамалары келтірілген: 

–    аудиторлық қызметтербухгалтерлік есепке, салық және қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметтер;

–    бухгалтерлік қызметтербухгалтерлік есепке қою, жүргізу, қалпына келтіру, салық, қаржы және бухгалтерлік есептілікті жасау және (немесе) тапсыру жөніндегі қызметтер;

–    дизайнерлік қызметтеркөркемдік нысандады, бұйымдардың сыртқы келбетін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөніндегі қызметтер; көркемдік конструкциялау;

–    инжинирингтік қызметтертауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу процесін даярлау, өнерк">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад