+7 (727) 346-83-53 Алматы
+7 (7172) 36-64-64 Астана
Рубрика статей

Егер қызметкер іссапарға шығатын болса…
01.04.2015

Автор:
Авторские материалы, размещенные на сайте, выражают экспертное мнение и носят рекомендательный характер. Материалы основаны на нормативных актах, действительных на момент публикации.
Для поиска на странице нажмите CTRL+F

Бизнес барған сайын ұтқыр бола түсуде, келіссөздер, конференциялар, көрмелер, жабдықты жеткізіп беру және жинақтау, құрылыс және т.б. жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін Қазақстан бойынша да, шетелге де іссапарларға жіберуге және өздерінің осы үдеріске белсенді қатысуына мәжбүрлейді.

Бұл үдеріс жай нәрсе емес, ол жұмыс беруші, қызметкердің өзі, кадрлар бөлімі маманы, бухгалтер тарапынан қосымша іс-әрекеттерді талап етеді, бұл ретте, ең алдымен іссапарға жіберілетін қызметкердің жұмыс уақытына ақы төлеуге және есепке алуға байланысты сұрақтар жиі пайда болады.

Бұл үдерістің ұйымдастырылуын Еңбек кодексіне сәйкес қарастырайық.

 

Іссапарлар туралы ережені әзірлейміз

Еңбек кодексінде жазылған анықтаудан бастайық. Мәселен, Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 81-тармақшасына сәйкес, іссапар – жұмыс берушінің өкімімен қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ, қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу. Демек, іссапарда қызметкер не өзінің қызметтік міндеттерін орындайды, не оқиды (біліктілігін арттырады). Мұның барлығы, ол жұмыс істейтін және тұратын орнынан тыс жерде. Тұрақты жұмысы жол жүретін сипатқа ие немесе жолда өтетін қызметкерлердің қызметтік жол жүрулері іссапар болып есептелінбейді. Сондай-ақ, қызметкер тұрақты тұру орнынан тыс жерде жұмыс істейтін жұмыстың вахталық әдісі де іссапарға жатпайды.

Егер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері іссапарға жіберілсе, онда бұл үдерісті ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары жөніндегі ережелерді бекіту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысын басшылыққа алу керек (2012 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша, өзгерістермен және толықтырулармен. Бұдан әрі – Ережелер). 

Егер де сіздің компанияңыз мемлекеттік болып табылмаса, онда өзіңіздің іссапарлар туралы ішкі ережеңізді әзірлегеніңіз дұрыс, оның негізі ретінде жоғарыда аталған, бірақ өз мүмкіндіктеріңізді, компанияның кадр, салық саясатын ескере отырып, мемлекеттік мекемелерге арналған ережелерді алуға болады. 

Тәуліктік ақша шығыстарының мөлшерін белгілейміз

Ережелерге сәйкес, тәуліктік ақша мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне тәулігіне екі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде төленеді. АЕК тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді. 2013 жылға АЕК сомасы 1 731 теңге мөлшерінде бекітілген, яғни тәулігіне 3 462 теңгеден артық емес. Меншік нысаны мемлекеттік емес ұйымдардың іссапарлар туралы ережелерінде сіз тәуліктік ақша мөлшерін, мысалы тәуліктік ақша сомасын 3 немесе 4 АЕК мөлшерінде бекіте отырып, ұлғайта аласыз.

Бірақ, Салық кодексіне сәйкес, 6 еселік АЕК-дан артық тәуліктік ақша қызметкердің жанама табысы ретінде қаралатынын және табыс салығы салынатынын ұмытпау керек.

Арнайы өтемақылық төлемдер

Іссапарларға жіберу кезінде Еңбек кодексімен арнайы өтемақылық төлемдер көзделген.

«Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін кепілдіктер мен өтемақылық төлемдер» деп аталатын, Еңбек кодексінің 152-бабына сәйкес, іссапарда болу кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және жалақысы сақталады. Қызметкерге орташа жалақы емес, айлық жалақы сомасы төленетінін естеріңізге саламын.

Мемлекеттік құрылым қызметкерлеріне орташа жалақы сақталады.

Бұдан бөлек, іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:

–    іссапарда болудың күнтізбелік күндері үшін, соның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік ақша;

–    баратын жеріне және кері қарай жол жүру шығыстары;

–    тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Жұмыс берушінің жоғарыда аталған шығыстарды өтеу бойынша міндеті іссапардың мақсатына және ұзақтығына байланысты болмайды.

Іссапарға өзінің немесе қызметтік автомобильмен жібереміз

Кейде қызметкерлерді іссапарға өзінің немесе қызметтік автомобильде жібереді. Ережелердің 9-тармағымен (7-тармақша) іссапарға жіберілген қызметкерге басқа шығыстармен қатар, мемлекеттік мекеме басшысын, сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен, мемлекеттік мекеме басшысы орынбасарын, орталық атқарушы органның жауапты хатшысын жақын арадағы аудандық және облыстық орталықтарға қызметтік автомобильмен іссапарға жіберу кезінде көлік шығыстарының орны толтырылады деп белгіленген.

Мемлекеттік емес ұйымдар да осы мәселені, мысалы осы тармақты іссапарлар туралы ережеге жаза отырып, шешуге тиіс, өйткені автожолдар желісінің дамуына байланысты, іссапарға жіберілген тұлғалардың жеке немесе қызметтік автомобильдерді пайдалануы қазіргі кезде сирек емес. Бұл ретте, жұмы">

...

Для получения полного доступа к сайту, Авторизуйтесь или купите полный доступ, либо пройдите бесплатную регистрацию!


вернуться назад